Парламент • 15 Маусым, 2017

Тоқаев Швеция Риксдагының Төрағасымен кездесті

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының  (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Тоқаев Швеция Риксдагының Төрағасымен кездесті

Қ. Тоқаев екіжақты қатынастардың қарқынды сипатын атап өтті. Сенат Төрағасының пікірінше, Президент Н. Назарбаевтың биылғы қазандағы Стокгольмге жоспарланған сапары екі ел арасындағы, әсіресе сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты жаңа сапалық деңгейге шығарады.

Швеция инновациялық жобаларды іске асыруда әлемдік көшбасшылардың қатарында. Қ. Тоқаев осыған байланысты біздің аумаққа жоғары технологиялық өндіріс әкелуге дайын швед компанияларының қазақстандық нарыққа келуіне мүдделілігін білдірді. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі Швецияның тәжірибесі Қазақстанға керек болуы ықтимал, деп санайды.

Қ. Тоқаев Швеция Парламенті Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді бірінші болып ратифициялағандардың бірі екенін атап өтті. Бұл құжат біздің өзара қатынастарымызда жаңа тарау болып отыр. Еуропа Одағы Астананың сауда-экономика және инвестиция саласында жетекші әріптестерінің бірі екені белгілі.

У. Алин екіжақты байланыстарда парламентаралық диалогтың ерекеше орын алатынын атап өтіп, швед тарапының Қазақстанмен жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге ықыласын растады.