Қазақстан • 15 Маусым, 2017

Астана банкі Қазақстан өңірлерінде IPO алдындағы роуд-шоуын жалғастыруда

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы уақытқа дейін «Астана банкі» АҚ мен «Фридом финанс» өкілдері Астана, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау сынды қалалардың әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізді.

Астана банкі Қазақстан өңірлерінде IPO алдындағы роуд-шоуын жалғастыруда

21 маусымға дейін роуд-шоу Атырау, Қостанай, Тараз, Өскемен, Семей, Қарағанды, Орал секілді тағы 7 қалада өтпек.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана банкі» АҚ қарапайым акциялары маусымның соңында саудалана бастайды, тикері – ABBN. IPO-ның индикативтік бағасы – бір акция үшін 1150 теңге. IPO-ға орналастырылатын акциялар саны – 2,1 млн. дана, орналастырым көлемі – 2,5 млрд. теңге.

«Астана банкі» АҚ басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаевтың мәлімдеуінше, инвесторлардан тартылған қаржы ары қарай банктің өнімдер тізімін, IT-инфрақұрылымын дамытуға және де клиенттер қорын ұлғайтуға бағытталатын болады.

Өз кезегіде «Фридом Финанс» компаниясы сабағаттық қолдау көрсететін орналастырымның андеррайтері болып табылады, сондай-ақ, ол маркет-мейкер рөлін атқарып, баға белгіленімін қолдаумен айналысатын болады. Сондай-ақ, орналастырымның ортақ андеррайтерлері ретінде «Асыл Инвест» АҚ және «Еуразиялық капитал» АҚ қатысып отыр.

Айнаш Есали,

«Егемен Қазақстан».

Алматы