ЭКСПО-2017 • 15 Маусым, 2017

Украина павильоны ЭКСПО көрмесінде "Ақылды үй" жобасын таныстырды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина ЭКСПО-ға электр өндіретін инновациялық жел генераторларын, ақылды үйі, күн концентраторлары мен жалюздер әкелді. Бұл туралы халықаралық мамандандырылған көрменің шеңберінде Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу барысында Украина мемлекетінің вице-премьері Геннадий Зубко айтып берді.

Украина павильоны ЭКСПО көрмесінде "Ақылды үй" жобасын таныстырды

Ол өз сөзінде баламалы энергияны пайдалану  мәселелерінде шешімдерді  бірлесіп іздестірудің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің бәрімізге тұрақтылық қажет. Бүгінде Украина осы тұрақтылықты паш етуге және әділ бәсекелестіктің арқасында  қазіргі әлемде және тұрақтылық жағдайында инвестициялардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетуге дайын. Бүгінгі таңда Украина баламалы энергия көздердін енгізіп қана қоймай, сонымен бірге жел мен күн сәулесін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі міндеті жасампаздыққа - бағытталған», - деді Геннадий Зубка.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Астана қаласының күн, жел, биогаз, теңіз және термальдық сулардың энергиясын пайдалану саласындағы үздік әлемдік жобалар мен трендтерді  көрсетуге арналған тиімді алаңға айналатынына сенімін білдірді.

«Осы жерде болашақтың энергиясын пайдалану мәселелеріндегі озық үлгілер көрсетілетін болады. Баламалы энергияны өндіру және тұтыну саласындағы серпінді және келешегі бар жобалар ұсынылады. Украиндық мамандар біз тұратын ғаламшардың экожүйесін сақтауға және жасыл энергетиканы дамытуға өздерінің салмақты үлесін қосуға дайын», - деп атап өтті Бақытжан Жақсалиев.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің шеңберінде Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу барысында ұзындығы 30 метр мата сүлгі таныстырылды.