Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке – 20 жыл» деген тақырыптағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Асылбек Жээнбековпен кездесті.
Әңгіме барысында парламентаралық өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жайында пікір алысылды. Сонымен бірге, тараптар қазан айында Қырғызстанда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық бойынша Парламентаралық комиссияның отырысына әзірлік жайында ақылдасты. Қырғызстан Парламентінің вице-спикері қазақстандық парламентшілерді Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесуді қорыта келе, Ж.Кәрібжанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын әлемдік «Нобель» сыйлығына ұсыну туралы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші көтерген бастаманы Елбасының ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті қалыптастыру үдерісіне қосқан үлесін тану болып табылатынын атап өтті.