01 Қазан, 2011

Елбасы қабылдады

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауыл­баев­ты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің бас­пасөз қызметі. А.Дауылбаев Президентті елдегі заң­ды­лық­тың жай-күйі мен құқық тәртібі туралы ха­бардар етті, сондай-ақ Мемлекет басшы­сы­ның тап­сырмаларының орындалу барысы жайлы баян­дады. Талқылау кезінде түзеу мекемелеріндегі заңдылықтың жай-күйі туралы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде жүр­гізілген жұмыстар туралы, аза­мат­тардың еңбек құқығын қорғау жөнін­дегі мәселелер көтерілді. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғам мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі нығайту және заң шығару қызметін жетілдіру туралы нақты тапсырмалар берді.