Өткен жолы Астанадағы «Ана мен бала» орталығында дәрігер Қарлығаш Төлеубайқызымен әңгімелесіп қалдық. Сонда жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі ақпарат қолжетімділігінің кейде пайдасымен қатар зиян екенін айтып қалды.

Жас босанатын келіншек бөлімшенің табалдырығын аттамай жатып, баланы кесарьмен алыңыздар деп бебеулеп есті шығарады, себебі интернеттен ондай отаны 3-4 рет жасауға болатынын оқып алған. Жанын ауыртқысы келмейтін әйелдер көбеюде. Толғақсыз бала өмірге келе ме, операцияның аты операция, ең дұрысы табиғи жол емес пе, ал олар кесарь тілігін жаса деп талап қояды, біздер 10 пайыз мүмкіншіліктің өзін пайдаланып, табиғи түрде босандырып алсақ дейміз. Қазақ толғақты «ұмытшақ ауру» демей ме, қандай қиналса да нәрестені қолына алып еміренгенде барлығы ұмытылады емес пе?!
Әрине, табиғи жолмен туу мүмкіндігі болмай, ана мен баланың өміріне қауіп төнген жағдайда, басқа лаж болмағанда ғана барып тілік жасаймыз. Біздің бүгінгі қоғамдағы бір өкініш – қызын, ия келінін босануға дайындайтын аналар сирек дегенінде, анам Күләнда Бөкешова айтқан мына бір әңгіме еске түскен.
«Жалпы, қазақ енелерінің келіндеріне қалай қамқор болғанын негізінен ғылыми түрде зерттеу керек. Есті ене жаңа түскен келінін тәрбиелеп қана қоймай, оның жүріс-тұрысына зер салып, тәбетінің айрықша неге тартатынын, неге ұйқышыл болып кеткенін немесе ас батпай құсаған тартқанын байқап, келінінің жүкті екенін оның өзінен бұрын біліп қоятын болған. Ал аяғы ауыр келінге мүлде бөлекше қарайды. Ел ішіндегі жаман нәрселерді келіннің естімеуін, оған көз салмауын қадағалап: «Шырағым, іштегі бөпең не нәрсеге қатты зер салсаң соған ұқсап кетеді», деп ақырын ескертіп, ештеңеден шошып қалмауынан бастап, етегін бүрген көйлек кигізіп (түсік болмасын деп), толғақта бала көлденең келіп қалмасын деп жолағы көлденең түскен киім кигізбей, жерік асын тауып жегізіп, туғаннан соң қырық қүнге дейін қолын мұздай суға батырғызбаған. Тіпті, таңғы елең-алаң мен кешкі ақшам кезінде аяғы ауыр және жас босанған келінді жалғыз далаға да шығармаған. Ондай мезгілде түрлі жын-перілер жүретін уақыт, олар аяғы ауыр әйелдің 9 ай бойына осалдығын біледі, қағып, соғып, тіпті желпіп өткенінің өзі қиын болады деп қамқорлыққа алатын. Менің өз енем солай бағатын. Бір баламды жаймашуақ жаз айында туып көрмеппін, ылғи бір қақаған қыста, үскірік аяздарда босанамын, сонда енем: «Қалилан әжем қыста 40 күн бойына далаға шығармай, ауызғы бөлмеге шелек қойып, дәретіме дейін төгетін. Қысылғанымда: «Тәйт әрі, қазір балбырап тұрсың, осы күндері күтінбей, кейін іріп-шіріп жатайын дейсің бе, 40 күн ғана, сосын үй-күйіңнің бар шаруасы мойныңа артылады», дейтін.
Қай халықтың да өз дәстүрі, ғұрпы бар, соны жоғалтпай, тамырынан нәр алғандай дамыта түссе қандай болар еді.
Сонау бір жылдары, кеңес заманы тұсында Арқалық қаласында тәрбиеге қатысты ана мен бала жөнінде жиын өтіп, шешемді сол шараға шақырды. Көп жылғы ұстаздық еңбек өтілі бар анама жиында сөз берілгенде: –Айналайындар, тәрбие бала дүниеге келген сәттен басталады. Баяғыда ел ішінде үлкендер жағы біреудің ісіне көңіл толмағанда, жарымағандық бір жаман қасиет көрсе «Уызына жарымаған неме» деп олқы түскен тұсты солай білдірер еді. Ал қазір сендер өзгенің әдісімен балаларды туа сала анасынан бөліп аласыңдар. Анаға екі-үш күн шарананы әкелмей қою – баланы уызынан айыру. Нәрлі де қуатты қою уызды ембеген нәресте әлжуаз, ал анасы «мастит» деген бәлеге тап болады. Аузына шыныға сүт құйып тосасыңдар, ал туғаннан бөтелке емген бала, ертең өскенде бөтелкеге құмар болса оған таңданасыңдар келіп. Туа сала ананың сүтін ішпеген бала ата-анаға мейірімсіз тасбауыр болып, қартайғанда қарттар үйіне тапсырмағанда қайтеді? Алдымен, баланы туа сала анасымен қауыштыру керек, уызына тойдыру керек, сонда дұрыс ұрпақ тәрбиеленеді» деген.
Кейіннен тура осы тәжірибені дәрі-
герлер «америкалық тәсіл» бойынша ананы баладан бөлмеу қарастырылған» деп, бұлжытпай орындағанын көргенде, анамның өзі кереметтей жақсы көретін халқының өзінен гөрі өзгені көп тыңдайтын мінезіне қынжылғаны есімде.
Рухани жаңғыру – бастауыңа оралу деген сөз. Біздің балаларымыз бай дәстүрді білмей, интернетті ата, әже етіп, жаңа дәстүр қалыптастырып жатыр. Әрине, ғаламтордың пайдасы мол, оны еш жоққа шығармаймыз, алайда тамырдан алған нәрге ештеңе жетпейтінін есте ұстасақ.
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Бүгін, 22:10
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады
Қоғам • Бүгін, 20:56
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:20
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Бүгін, 19:21
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Бүгін, 19:08
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:06
Елордада аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды
Елорда • Бүгін, 18:39
Вакцинация туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 18:19
Руханият • Бүгін, 18:13
Қазақстанда пост-ковид оңалту бағдарламалары бар шипажайлар анықталды
Қазақстан • Бүгін, 18:03
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Бүгін, 18:00
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Бүгін, 17:52
Вице-министр вакцинаны салуға болмайтын санаттарды атады
Қоғам • Бүгін, 17:47
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Бүгін, 17:40
Нидерландқа ұшатын Қазақстан азаматтары нені ескеруі керек?
Әлем • Бүгін, 17:39
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Бүгін, 17:04
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Аймақтар • Бүгін, 16:50
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Бүгін, 16:44
1 350 ипотекалық қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді
Қаржы • Бүгін, 16:37
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 16:31
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Бүгін, 16:30
Ақтөбе облысында дизель отынын ірі көлемде заңсыз сатқан кәсіпкерлер сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Алматы облысының полицейлері алты айдан астам іздеуде жүрген бұзақыны ұстады
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Бүгін, 16:23
Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир жоспарлануда
Спорт • Бүгін, 16:20
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Бүгін, 16:18
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Бүгін, 16:18
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлері өткен жылдың қорытындысын шығарды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу тәртібі түсіндірілді
Қазақстан • Бүгін, 16:15
Ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі бақылау қағидаларына өзгеріс енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Түркістанда жолдарға жүргізілген мониторинг барысында 114 бұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:08
Видео • Бүгін, 16:04
Солтүстік Корея дипломаты балаларының болашағы үшін Оңтүстік Кореяға қашып кетті
Әлем • Бүгін, 15:59
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Бүгін, 15:58
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу мерзімін бұзғандар айыппұл төлемейді
Қазақстан • Бүгін, 15:56
Жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды
Қазақстан • Бүгін, 15:54
Шымкенттің Еңбекші ауданында 100-ден аса ашық спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:52
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына жазылу қайта жанданады
Қазақстан • Бүгін, 15:46
Мемлекет басшысы Португалияның қайта сайланған Президентін құттықтады
Президент • Бүгін, 15:41
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Бүгін, 15:40
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Бүгін, 15:38
2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің көрсеткіші қандай?
Қаржы • Бүгін, 15:33
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады
Қоғам • Бүгін, 15:31
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Бүгін, 15:26
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:21
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 15:09
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 14:40
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Бүгін, 14:38
Мәжіліс депутаттары қандастардың құжаттарына қатысты мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 14:13
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Бүгін, 13:49
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 13:07
ЖОО-лар ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқарып жүр ме?
Білім • Бүгін, 13:07
Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған
Қазақстан • Бүгін, 13:04
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
Әлем • Бүгін, 13:03
Ұқсас жаңалықтар