01 Қазан, 2011

Жаңа...

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...МЕКТЕП  ПЕН  БАЛАБАҚША ЕСІК АШТЫ Жаңаарқа  ауданындағы  Ес­кене  ауылының ажарын екі қабатты 320 орындық  мектеп ғимараты  аша   түсті.  Мұға­лім­дер күні алдында ашылған оған оқушылар қуана ауысты.  Іші-сырты сыңғырлаған білім ұясына облыс әкімі Серік Ахметов биология кабинетіне ар­налған қондырғыларды, құ­рал-жабдықтарды тарту етті. Қарағандыдағы  «Кеңда­ла»  шағын ауданында бой көтер­ген «Алтын сақа» балалар бақ­шасын  бүлдіршіндердің тол­тыруы аталған мерекемен тұс­па-тұс келді. Онда осы ай­мақта тұратын мұғалімдер мен дәрігерлердің жеткіншіктері тәрбиеленеді. Осылайша мектеп ауылда есік ашса, балабақша қалада бой көтеді. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды  облысы. * * * ...ЕМХАНА ҚУАНЫШЫ Баянауылдың  Қаражар, Жал­ғыз қайың ауылдары Ақ­саң ауылдық аумағына қарай­ды. Екі ауылдың біріншісінде  –262, екіншісінде 350-дей адам тұрады. Мектебі, клубы бар. Қаражар ауылына «Мирас» ЖШС дәрігерлік бөлім­ше үйін салып берді. Ауыл әкімі Төлеген Сма­ғұл­дың айтуынша,  дәрігерлік бө­лім­шеге серіктестік  10 мил­лион теңгедей қаражат жұм­саған көрінеді. Бұрын меди­ци­налық  мекемеге сай емес үй пайдаланылып келіпті. Ал бұл күндері жарқыраған жаңа ғима­рат, жаңа меди­ци­налық құрал-жабдықтар алын­ған. Үш ауыл­ға бір жедел жәрдем көлігі бекітілген. Жылдар бойы уәде етілген дәрігерлік бөлімше ашылып, тау баурайында отырған ауылдар қуанып қалды. Фарида БЫҚАЙ.                 Павлодар облысы. * * * ...ОРЫНБАСАРЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Қызылорда облысы әкімі­нің идеология жөніндегі орын­басары Мұрат Мұхамедовтің Сенат депутаты болып сай­лан­ғаны белгілі.  Жақында об­лыс басшысы Болатбек Қуан­ды­қов жаңа орынбасарды құт­ты орнына отырғызды. Рзақұл Нұртаев 2010 жыл­дан бері қарай облыс әкімінің ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары қыз­мет­ін атқарып келеді. Енді ол алдағы уақытта аймақ идео­логиясына жауап бермек. Ал ауылшаруашылық сала­сына Бақыт Жаханов жауапты бол­мақ. Бақыт Дүйсенұлы орын­басар болып тағайын­дал­ғанға дейін Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басты­ғы қызметін атқарды. Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.