Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты Қазақстан азаматтарына ел ішінде, сонымен бірге шетелде, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету және қолайлы саяхаттауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ресми интернет-ресурсында әуе көлігімен саяхаттаушы жолаушыларға арналған арнайы бөлім ашты.
Бұл бөлімде жолаушылар мен багажды тасымалдау рәсімдері, авиабилеттерді сатып алу тәртібі, әуе жолаушыларының құқықтары мен міндеттеріне қатысты және т.б. жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар.
Ақпарат Комитеттің aviation.mid.gov.kz ресми интернет-ресурсында «Авиажолаушыларға» бөлімінде қолжетімді.