Қазақстан • 20 Маусым, 2017

Жігерлілік – жігітке тән қасиет

577 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері ІІ дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды.

Жігерлілік – жігітке тән қасиет

Ер азамат алға қойған мақ­са­тына жетіп, аңсаған ар­маны­ның шыңын бағындыру үшін,  өзі­не деген сенімділікті бойына қалыптастыру қажет. Болашағын әскери саламен байланыстыру ол жүректілік болып табылады. Себебі, әскери саланың қи­ындығына кез келген адам тө­теп бере алмайды. Тек, Отан ал­дындағы парызын жүрекпен се­зініп, өмірін әскерге арнаған аза­маттың таңдауы ерлікпен пара-пар.

Бүгінгі таңда еліміздің  қор­ға­ны болар ұрпақтың саналы, сау­атты болуына басты назар ау­дарылған. Олар Қарулы Күш­тер­дің әр саласына байланысты жо­ғары әскери институттарда бі­лім алуда. Олардың  арасында Радиоэлектроника және байланыс әс­кери-инженерлік институтының түлектері де бар. Аталған әс­ке­ри институт, болашақ офицер мамандарын дайындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­теріндегі алдыңғы қатарлы әс­кери институт болып саналады.

Әскери институтта білікті, тә­­жірибелі мамандар қызмет ат­қа­рады. Командирлер мен про­фес­сорлық-оқытушылар құрамы кур­санттардың білімін шыңдау мақсатында аянбай еңбек етуде. 

Курсанттардың жеткен же­тіс­тігі − институт ұжымының жеңісі, еңбегінің жемісі десек, орынды болар. Курсанттар өздерін ха­лықаралық, республикалық, об­лыстық, қалалық деңгейде ұйым­дас­тырылатын ғылыми жобаларда, спорттық жарыс­тар­да, интеллек­туалды сайыс­тар­да жоғары нәтиже көрсетіп ке­леді.  Мұндай биік белестерді ба­ғындырған білім алушылар Қа­рулы Күштерге қосқан үлесі үшін «Ел қорғаны» медалімен мара­патталады. Ендігі кезекте осы марапатқа ие болған курсанттарға тоқталып өтсек:

Қайыржан Жұбандықов – Ра­дио­­­электроника және байланыс әс­кери-инженерлік институты ра­биобағыттау факультетінің 5-курс курсанты. Болашақ офицер маман оқуда және жауынгерлік дайындықта үздік көрсеткіш көрсеткені үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қос­қан үлесі үшін «Ел қорғаны» меда­лі­мен марапатталды. Курсант Қ.Т.Жұбандықов республикалық ин­тел­лектуалды олимпиаданың же­ңімпазы. Ве­до­моствоаралық кон­фе­рен­ция­лар­дың қатысушысы. «Үздік спорт­шы жауынгер» спорттық ата­ғының иегері, ҰОС-тың 70 жыл­дығына арналған парадқа қатысушы.

«Ел қорғаны» медалімен ма­ра­­патталған тағы бір курсант Темірлан Мұқатаев.  Ол аталған инс­титуттың радиобағыттау фа­культетінің түлегі. Курсант Т.Мұқатаев ТМД жоғары оқу орын­дарының курсанттары ара­сын­да өткен халықаралық оли­м­-
­пиаданың қатысушысы, «Үздік спорт­шы жауынгер» спорттық ата­ғының иегері, ҰОС-тың 70 жыл­дығына арналған парадқа қа­тысушы. РЭжБӘИИ «Алтын белгі» медалінің үміткері. Ведо­мо­с­тво­аралық ғылыми-зерттеу кон­ференцияларының жеңімпазы. Рес­­публикалық, қалалық ЖОО сту­денттері арасында өткен де­баттардың жеңімпазы.

Жігітке жеті өнер де аз. Жо­ғарыда айтып өткендей, өзіне се­нім­ді, сауатты ұрпақ − еліміздің жарқын болашағы. «Ел қорғаны» медалінде қашалып жазылған «Отаныңды сүй, халқыңа қызмет ет» деген қанатты сөз елді қор­ғау­шы әрбір азаматтың жадында болуы тиіс. Егер Бауыржан Мо­мыш­­ұлының сөзімен айтар болсақ, «Ежелден ер тілегі – ел ті­легі. Адал ұл ер болып туса  – ел ті­регі». Антына адал, еліне қор­ған болар азаматтарымыз көбейе берсін.

Радиоэлектроника және бай­ланыс әскери-инженерлік инс­ти­тутының бітіруші түлектерін бес жыл көлемінде алған білімдерінің же­­місін көріп, білікті маман ата­нып, командирлер мен оқы­ту­шы­лардың және ата-ана­ла­рының үмітін ақтауларын тілейміз!

Сәуле ШАЯХМЕТҚЫЗЫ

АЛМАТЫ