04 Қазан, 2011

Кепебұлақтағы білім ордасы

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауы­лының бүлдіршіндері жаңа мектепте  білім ала бастады. 180 орындық жаңа мектеп  сынып­тары жарық, әрі жан-жақты жаб­дықталған. Пән кабинеттері де дәріс беруге қолайлы-ақ. Бөдеті орта мектебінің ғасыр­лық тарихы бар. Содан болар, білім ордасын бұрын тәмамдаған тү­лектер көп жиналған. Самай­ларын ақ қырау шалған қазы­на­лы қарттар жастарға ақ тілектерін арнаса, жас буынның да айтары мол болды. –Жаңа мектептегі кабинеттер жарқырап тұр. Бізге жасалған қам­қор­лық осыдан-ақ сезілуде. Биыл­ғы оқу жылы «Тәуелсіз­дік­тің 20 жылдығы – ел мерейі» деген ашық сабақпен басталды. Мерейлі жылдардағы табыстар жан-жақты айтылды. Егемен ел­дің ұландары елдік, ұлтжанды­лық туралы өз ойларымен бөлі­сіп, пікір алысты,  – деді Бөдеті орта мектебінің оқушысы Қым­бат Қанаш. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.