ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017

DEZEEN: Астанада болашақ энергиясы таныстырылып жатыр

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Архитектура және дизайн тақырыбына маманданған Dezeen басылымы өткен апта  ЭКСПО-2017 көрмесі туралы мақала жариялады.

DEZEEN: Астанада болашақ энергиясы таныстырылып жатыр

"Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанатына әлемнің 100 елінен фототілшілер қатысып, айтулы көрмені әлем жұртшылығына көрсетті. Көрме жалпы аумағы 173 га жерде орналасқан. Қалашықты Чикагоның Arian Smith және Gordon Gill Architecture компаниялары салған. Көрмедегі Қазақстанның Ұлттық Павильонында ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық қуат көздерінің негізгі түрлері көрсетілетін. Ғимараттың 2-8 қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктер сандық, мультимедиялық және интерактивті технологиялармен таныстырады.

Сәулетші Фрейд Аргкуитектос салған Испания павильоны ағаштармен қоршалған үй түрінде болса, энергияның эволюциясының 14 млрд жылдық тарихын көрсететін Британия павильоны «Біз бәріміз қуатпыз» деп аталады. Оның авторы сәулетші Асиф Хан. Ал Австралия павильоны өз кезегінде стационарлы велосипедтер арқылы адам денесінің өз бетімен энергия шығаруына қауқарлы екенін көрсетеді. Павильонның дизайнері Джон Мосер..." деп жазады Dezeen басылымы.

Аударған Бауыржан Мұқанов,

"Егемен Қазақстан"