04 Қазан, 2011

Төрт жылда алпыс кітап

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры төрт жылда өз қаражатымен шығарған 60-тан аса кітаптың тұсауын кесіп, көрме ұйымдастырды. Ол еңбектердің арасында Отан соғысы ардагерлерінің, жас дарынды ақын-жазушылардың көркем шығармалары, жас ғалымдар еңбектері, сондай-ақ Елбасының 70 жылдық мерейтойына арнап Н.Назарбаевтың 7 кітаптан тұратын қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі жинағы бар. Көрмені ашқан ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы дирек­то­ры Бектас Мұхамеджанов кітаптардың әрқайсысы 500 данамен ба­сылғанын, алдағы уақытта олардың электрондық нұсқасы да жарық көре­тінін жеткізді. «Әсіресе, 10 кітап болып жарық көрген соғыс ардагерлерінің естеліктерін ерекше атап өткім келеді. Өйткені, онда бүгінгі ардагер ағаларымыз соғыс жылдарында бастарынан өткеріп, көздерімен көрген қиындықтарды, Отанға деген сезімдерін шынайы бере білген», – дейді ол. Оның айтуынша, кітаптар қаламыздың 300-ден аса кітапхана, жоо мен мектеп кітапханаларына тегін таратылмақ. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.