Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Жазушылар жаңғыруға үндейді

326 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, келісім және бірлікте» атты тақырыпта алқалы жиын өтті. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Жазушылар  жаңғыруға үндейді

Жиынды ашқан Павлодар облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Сейсенбай Жетпіс­баев Елбасының аталған мақа­ласы қоғамға үлкен ой сал­ғанын сөз ете келіп, «Арғы-бер­гі кезеңдердегі рухты дүние­лерімізді түгендейтін аманат­тай аталы сөздерді айта келе, Мем­лекет басшысы біздің алды­мызда тұрған көптеген міндет­тер­ді атады. Бұл міндеттер латын әліпбиіне көшу, туған елге, жерге қызмет ету, әлемдік деңгейдегі білімге ұмтылу, тағы басқа маңызды мәселелерге тікелей байланысты. Сондықтан, Елбасы атап көрсеткен елімізге қажетті істерді атқару – сіз бен біздің қолымызда, – деді.
Бұдан кейін жергілікті зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, кітап­ханашылар, ғалымдар, Ассам­блея мүшелері қатысқан бұл басқосуға арнайы келген қаламгерлер Исраил Сапарбай мен Марат Тоқашбаев сөз сөйледі. Өз кезегінде ақын Ис­раил Сапарбай Елбасының рухани мазмұны бай мақала­сы­ның дәл уақытында жазыл­ғанын, оны бірнеше рет оқып шық­­қанын жеткізді. Оның айтуын­ша, мақаланың түпкі мақ­саты – қоғамның рухани санасын жаңғырта отырып, ел дамуын жаңа сапалық биікке көтеру. 
– Ұлтын сүйіп, ұлт тағды­рын өз тағдырымен байланыс­тыра­тын әрбір азамат Елбасы мақа­­ла­сында айтылған міндет­терді ат­қа­руға дайын деп ойлай­мын. Ұлты­мыздың XXI ға­сыр­дағы ру­хани жаңғыру стра­тегиясы атан­ған Елбасы­ның бағ­дарла­масы елдік мүдде үшін қажет. Эко­но­микамыздың да­муымен қатар, қоғамдық сана­мыз да өсе түс­се, рухани жаң­ғыру дегеніміз осы, – деді Исраил Сапарбай.
Ақын ұлтымыздың ерекше­ліктері жөнінде әңгімелеп, дүниежүзінің рухани тәжіри­бе­лерінен де мысалдар келтіре отырып, мақаланың бүгінгі күнгі ұрпаққа айтар ойының маңыз­дылығын сөз етті. 
Ал  жазушы, журналист Марат Тоқашбаев қазақстандықтардың әлемдік білім мен ғылымның биік деңгейіне көтерілуінің әрі рухани ояу болуының маңыз­дылығына тоқталды. 
– Ата-бабадан келе жатқан ұлы рухы сақталған, іргесі мықты елдің ұл-қызын өсіріп, жеткізу бәріміздің басты арманымыз. Ал қазақтығымызды сақтап қалу үшін осы рух, рухани жаңғыру санамызда тұруы шарт. Елбасы мақаласында айтылғандай, әуелі салт-сананы жаңғырту керек, – деді Марат Тоқашбаев.
Жиын барысында жиналған жұртшылық елімізге танымал ақын Исраил Сапарбаев пен жазу­­шы, журналист Марат То­қаш­­­­баевтың әдеби-рухани, та­ным­­­дық әңгімелері арқылы өз­де­рінің көкейлеріндегі көптеген сұ­ра­қтарға жауап алғандай болды. 
– Бүгін мән-мағыналы, кең ты­­нысты кездесуге куә болып отыр­­мыз. Елге танымал азамат­тар тұщым­ды ойларын, қоғамды тол­­ған­­­дыр­ған мәселелерді қоз­ғай біл­ді. Негізінде, елге таны­мал жур­­на­л­истердің, ақын-жазу­шы­­лар­­дың ауыл-қалаларды ара­лап, жұртшылықпен кездесіп, Ел­­ба­сы мақаласын түсіндіру бо­йын­­ша сапарлап жүргендері үшін ри­замыз. Алдағы уақытта да осын­дай сапарлардың ұйым­дас­ты­рыл­ғаны жөн. Өйт­кені, бұл рухани жаңғыру үшін керек, – дей­ді жергілікті «Қазақ тілі» қо­ға­м­ы­ның төр­ағасы Социал Әйтенов. 
Облысқа белгілі журналист Юрий Поминов болса, Елбасы­ның мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы өзіне соншалықты қымбат екенін, өзін еліміздің патриоты санайтынын, туып-өс­кен осы өңірдегі Железинка ау­даны жайлы өлеңдер, облыс туралы көптеген естеліктер жазатынын жеткізді. 
Жиын барысында басқа да бірқатар азаматтар сөз сөйлеп, Ел­басы мақаласында сөз болған мәселелерге байланысты жергі­лікті жерлерде атқарылып жат­қан игі істерге тоқталды әрі өз ұсы­ныс­­тарын білдірді. Мәселен, М.Де­месінов деген ақсақал жер-су атау­ларының байырғы тарихи атула­ры­на қайта оралту «Туған жер» бағ­дар­ламасына қосқан үл­кен үлес болар еді деген ойын жеткізді. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы