Аймақтар • 22 Маусым, 2017

«Жасыл елдің» жастары қазба жұмыстарына қатысады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда биыл екі мыңға жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасағына қа­­тысады.

«Жасыл елдің» жастары қазба жұмыстарына қатысады

Облыс әкімінің қол­да­у­ымен осы мақсатқа 140 млн теңге бө­лінді. «Аталған бағдарлама бойын­ша 16-29 жас аралығындағы жас­тардың бес еңбек жасағы құ­рылды, дейді облыстық жастар сая­са­ты мәселелері басқармасының бас­шысы Жасұлан Бисембиев. Көгалдандыру, құрылыс, ауыл ша­руа­шылығы, педагогикалық және ар­хеологиялық жасақтарға қатысу ар­қылы жастар тәжірибе жинайды әрі қызметтеріне ақы төленеді». 
Биылғы жаңалықтың бірі –  «Жа­сыл ел» бағдарламасына архео­ло­гиялық жасақтың қосылуы болып отыр. Басқарма басшысының ай­ту­ынша, мұндай жасақ елімізде бі­рі­нші болып Атырау облысында құрылған. 1 маусымнан бас­тап Қызылқоға ауданының Қара­бау ел­дімекені аумағында «жа­сыл­ел­дік­тер» жұмысын бастады. Қазір 14 студент ескі қорғандарды қазып, Ұлы Жібек жолы бойында қалған та­рихи құндылықтарды іздестіру үс­тінде. Ал шілде-тамыз айларында «Хан ордалы Сарайшық» қалашығы мен «Таскешу» керуен сарайында қаз­ба жұмыстары жүргізіледі.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

 

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:49