04 Қазан, 2011

Жемқорлық жолына тосқауыл

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қоғамның дертіне айналған жемқор­лық­тың алдын алу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Нәтижесі де жаман емес. Жалпы, жұртшылықтың қатысуымен қо­ғам­ды тазарту мақсатындағы маңызды ша­ралар қатарында «Нұр Отан» ха­лықтық-демократиялық партиясы облыс­тық филиалы мен Суретшілер одағының өңірдегі филиалы ұйымдастырған «Сенің «жемқорлық жоқ!» дегенің маңызды» атты республикалық плакаттар бай­қауы­ның іріктеу туры өтті. Байқауда қылқалам шеберлері мен мектеп оқушылары белсенділік та­ны­тып, аталған тақырыпты ашуға шы­ғар­машылықпен ден қойды. Өңірдегі 25 автордың туындысын байыпты сараптау барысында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Абай Нұрғазыұлы бірінші, қапшағайлық Ержан Нұрпейісов екінші, талдықорғандық Алина Қара­ба­лаева үшінші орындарды иеленіп, ба­ға­лы сыйлықтар алды. Жеңімпаздар туын­дысы Астанада өтетін байқауға қатыс­тырылатын болды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.