Күн сайын кемі 30 шақырым жүгірмесе, ас батпайды, ұйқысы бұзылады! «Жүгіріңдер, халайық, жүгіріңдер!» дейді. Міне, нағыз кеңес азаматы! Ауданның бірінші хатшысы желаяқтың иығына пүліштен тігілген не белбеуі, не зерлі оюы жоқ салбыраңқы көк шапан жауып, қолына домбыра ұстатты. Аудандық газеттің жап-жас тілшілері «Желаяқ домбыраны не істер екен?» деген сауалға жауап таппай, ойымыз он саққа жүгіріп өкініп-ақ қап ек сонда. «Попқа баян не керек?» деген орыс мақалын есіңізге түсіріңізші?!.
Сатып алуға домбыра да тапшы, көзге қораш көрінсе де көк шапанының өзі қат кеңестік заман-ай десеңізші! Сөйтіп жүріп 90-жылдарға жеттік. Фосфоры таусылып, будақ-будақ түтіні өшкен Жамбылдың суперфосфат зауытына шетелден инвесторлар келе қалсын! Күтіп алушылар бір қайнауы ішіндегі келісімшарттың дүмбілездігіне қарамастан, қонақтарымен сыйласудың жөні осы-ау деп шамалап, шетелдіктерге шапан жауып, қолдарына бір-бір домбыра ұстатады. Таяу Шығысты бетке алған әуе лайнері Алатаудың иығынан асқанда меймандармен қимай қоштасып тұрған тараздықтар әуежайдың қоқыс салатын кір-кір темір жәшігінде қос домбыра мен қос шапанның ешкімге керексіз үйме-жүйме жатқанын білмейтін...
1961 жылы 12 сәуірде Жер шарын айналып келіп жерге түскен Юрий Гагарин Саратов облысының егіс даласына «адасып» қонады. Жергілікті сельсоветтің төрағасы тұңғыш ғарышкерге ұялған тек тұрмастың керімен салтанатты түрде «Тың жерлерді игергені үшін» медалін тосынсый ретінде тапсырыпты. Кейінгі ғарышкерлердің төсіне тың игерушілер медалін тағу дәстүрі содан қалған. Ол да бір қызық! Торғай даласына топырлап түсіп жататын ғарышкерлерге шапан жабуды біз әлі де тоқтатар емеспіз, әзірге...
Шетелдік қонаққа қыл аяғы сый жасауды да білмейтін кезеңдер артта қалды! Еліміздің дүкендерінде кәдесыйдың мың сан түрі сықиып тұр. Шапанды да жөнімен кигіземіз, домбыра секілді ұлттық құндылықтарымызды ешкімді жатсынбай ала сап жүгіруді қойдық, бір сөзбен айтқанда, көре-көре «көзіміз ашылды»! Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері өткен жылдан бастап заңдық нормаларға сәйкес елімізде 10 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлық алуға өздеріне тыйым салынғанын жақсы біледі. Мұндай сый-сияпаттар қозғалысын реттеп тұратын заң актілеріне бағыну – әлемдік тәжірибеде ежелден бар. Мәселен, АҚШ-тың федеральдық қызметкерлері мен қызметшілері, Президенттің өзі де, шетелден алған сыйлығының құны 305 доллардан асса, декларациялық құжат толтырады. Әрі ол затты мемлекеттік архивке өткізуге міндетті, сыйлық тым ұнап қалса, өз ақшасына сатып алуға рұқсат. Кімнің не алғаны, қандай сый-сияпатқа ие болғаны елдегі Federal Register хабаршы-журналында тайға таңба басқандай етіп жазылады. АҚШ-та мемлекеттік қызметкер бағасы 50 доллардан артық сыйлық алса, ол параға телініп, қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалады! Францияны ұзақ басқарған президент Франсуа Миттеранның асыл тұқымды арғымақты, одан кейінгі президент Жак Ширактың АҚШ президенті Билл Клинтон сыйлаған «Rolex» сағатын кері қайтаруы – елдегі сый-сияпат туралы заңға бағынудан туған талаптар.
...Биылғы Алматыда өткен XXVIII Дүниежүзілік студенттер универсиа-
дасында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен еркін сырғанауын аяқтаған тұста, әлдекім спортшыға құрмет көрсетіп, мұз айдынына тақия лақтырды. Айдынға гүл, әйел спортшыға қуыршақ лақтыру әдеті бар. Бірақ... әлгі қазақтың қасиетті бас киімі жанкүйерлер сүйіктісіне айналған Дениске бұйырмады, айдын бетіндегі қоқысты жинаушылар әбжілдік танытып тақияны спортшыдан бұрын іліп алып кетті. Сол тақияның тағдыры Тараз әуежайындағы баяғы ұмытылмас оқиғаны еріксіз еске салды-ай!.. Қазақ бас киімін ешкімге сыйламайды, лақтырмақ түгілі, жерге қоюға қимайды! Жанкүйер жеткіншекке ата-анасы жазылмаған заң іспетті қатал дәстүріміздің барын ескертпеген екен-ау деп өкініп қалдық!..
КСРО-ның бір қиырындағы Мурманнан екінші қиырындағы Владивостокқа бет алған 66 жастағы желаяқ жүгіріп келе жатқан жолынан бұрылып, Ұзынағашта екі сағат аялдады. Тайлы-таяғымыз қалмай ғажап жанды көрмекке аудандық партия комитетіне – қазіргіше, аудан әкімдігіне жиналдық. Орыс ақсақалы жүгіруді 20 жыл бұрын бастапты, кереметі – бір заманда алпыс екі тамырына құрсау салған 10 шақты ауруынан құлан таза айыққан.
Оқиға • Бүгін, 09:55
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Үкімет • Бүгін, 09:55
Білім саласындағы әріптестік дәнекері
Білім • Бүгін, 09:50
Жаңалығы жоғары бағаланған ғалым
Тұлға • Бүгін, 09:45
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Кәсіпкер • Бүгін, 09:35