Қазақстан • 03 Шілде, 2017

Кәсіби мерекемен құттықтады

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жұма күні Сыртқы істер мини­ст­р­лігінде қос мерекеге орайластырылған кездесу өтті. Сыр­тқы істер министрі Қайрат Әбді­рах­­­мановтың бұқаралық ақпарат құ­рал­д­арының басшыларымен және жур­налистерімен жүздесуі Байланыс жә­не ақпарат қызметкерлерінің күні мен Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясы құрылуының 25 жылдығына арналды.

Кәсіби мерекемен құттықтады

Кездесуде Қ.Әбдірахманов журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай келіп, бейресми әңгіме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатымен жүргізіліп жатқан қазақстандық дипломатияның негізгі жетістіктері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Оның ішінде Президенттің сыртқы саясаттағы көрегенді бағыт-бағдарының  нәтижесінде Қазақ елін бүгінде бүкіл әлем танитынын атап көрсетті. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың дүние жүзі санасатын толыққұқықты мүшесі болып табылады. Өткен ширек ғасыр ішінде еліміз Мемлекет басшысының  бастамашылығымен көптеген жаһандық ауқымдағы маңызды шараларға ұйытқы бола білді. Елбасының бітімгершілік миссиясы да әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалып үлгерді, деді Сыртқы істер министрі. 

Қ.Әбдірахманов кездесу барысында өзінің дипломатиялық қызметінің естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан дипломаттарының шетелдерде, оның ішінде тұрақсыз аймақтарда атқаратын жұмыстары туралы да сөз қозғады. Бұл орайда әлемнің «ыстық нүктелеріне» барып, тура оқиға орнынан ақпарат тарататын журналистер қызметінің де қауіпті тұстары жеткілікті екеніне назар аударды. Дипломаттар мен журналистер қызметінің осындай ұқсас жақтары да бар, деді өзінің сөзінде министр.  

Кездесу соңында Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің, «Хабар» агенттігі мен «Қазақпарат» ХАА басшыларын және бірқатар журналистер­ді «Қазақстан Республикасының дипломатия­-
лық қызметіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. 
«Егемен-ақпарат»