Қазақстан • 06 Шілде, 2017

Дәстүрлі музыканың дарабоздары өнер көрсетті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Астана күніне орай «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фес­тивалі өтті. Айтулы шара аясында кө­рермендер отандық дәстүрлі музы­каның хас шеберлерімен қатар, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай және тағы басқа елдерден келген та­ланаттардың өнерін тамашалады.

Дәстүрлі музыканың дарабоздары өнер көрсетті

3 шілде күні ашылған фес­тивальде Жанғали Жүзбай, Айгүл Үлкенбаева, Сержан Шә­кі­ратов сын­ды күй­шілер, «Тұран» этно-фоль­клор­лық ансамблі, Ер­кін Шүкіманов, Ерлан Рыс­қали, Клара Төленбаева сынды ән­шілер, қобызшы Саян Ақмолда, тағы да басқа қазақстандық дәс­түрлі музы­каның майталмандары өнер көрсетті. Көрермен қауым құмық жыршысы Зуганат Чу­наева, Тувадан келген өнер­паз Николай Ооржак, монғолиялық сыбызғышы Бауыржан Мұ­хаметбай, әзербайжандық Арсылан Новраслы және басқа да хас шеберлердің өнеріне қол соқты.
– «Астана – Арқау» – түркі халықтарының тамыры тереңде жатқан музы­калық мұраларын дамытуға, туыстас халық­тардың арасында мәдени байланыс орнатуға бағыт­талған шара, – дейді ұйым­дастырушылар.
Түрік мәдениетін жаң­ғыртуға, ұлттық дәстүрді на­сихаттауға, халық бір­лігін нығайтуға үлес қо­сып жатқан шара биыл онын­шы жыл қатарынан ұйым­дас­ты­рылғанын атап өткен жөн.

Айбын АҚПАТША