Қазақстан • 06 Шілде, 2017

Еліне деген құрметі ерекше тұлға

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразия кеңістігінде саяси, экономикалық, мәдени ауқымды өзгеріс басталған 90-жылдардан кейінгі уақытта Қазақстан өңірлік қана емес, әлем назарында болып келеді. Қандай да бір реформаны тиімді саясатпен басқарып, мемлекет болашағын салмақты болжап, нақты іс-шаралар қабылдап отырған бұл жас мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері көп.

Еліне деген құрметі ерекше тұлға

Бұл орайда ел дамуында ерекше рөл атқарып отырған Мемлекет басшысының рөлі зор. Басқаша жеткізер болсақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алысты болжағыштығы, еліне, ұлтына деген ыстық ілтипаты ерекше. 
Қазақстанның экономикалық, қоғамдық ахуалында, саяси өмірінде бірқатар ауыр сынақ, қиындықтар болғаны шындық. Бүгінде оның барлығы өткен шақтың еншісінде қалды.
Н.Назарбаев мемлекетті одан әрі дамыту мақсатында жаңғыру туралы бастама көтеріп, оның қажеттілігі, мақсаты, қағидалары, құндылықтары сынды теориялық негіздерін ұтымды көрсете білді.

Саркыт ЗҮЛФИКАР, 
профессор, Моңғолия Үкіметі жанындағы Басқару академиясының ректоры