Қазақстан • 07 Шілде, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кейде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, желдің күшеюі 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Күндіз Кызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Қостанай облыстарында найзағайлы нөсер болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Кызылорда облысында өте қатты ыстық сақталады, Алматы облысында аптап, кей жерлерде өте қатты ыстық, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.