Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Ақтөбеде елорда күні кең ауқымда аталып өтті

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана күнін мерекелеу құрметіне орай Ақтөбеде бірқатар өндіріс орындары іске қосылды. Бұдан өзге, толыққанды мәдени-көпшілік бағдарламар дайындалды.

Ақтөбеде елорда күні кең ауқымда аталып өтті

Қаланың нағыз спортшы және белсенді тұрғындары Астана күніне арналған дәстүрлі веложарысқа қатысып, ҚР Тұңғыш президенті саябағынан бастап Абай атындағы желекжолдың гүл бағында «Нұр отан» партиясының облыстық бөлімшесі ғимаратының алдындағы алаңға дейін жарысты. Сол жерде Астана күнін мерекелеудің Ақтөбедегі ресми ашылуы өтті. Қаланың шығармашылық ұжымы тамаша концерттік бағдарлама ұсынып, қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өңір басшысы мерекеге жиналғандармен бірге Түргенев көшесінен Есет батыр көшесіне дейінгі Абай атындағы жаңартылған гүл бағын қарап шықты. Қайта жаңартудың арқасында гүл бағы жай ғана қыдыру аймағы емес, белсенді демалыс аймағына айналды: екі балалар алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы мен воркаутпен айналысу алаңы салынды, сонымен қатар 230 қылқанды және жапырақты ағаштар отырғызылды. Жаңартылған желекжолда қаланың порфюмерлік және қыш бұйымдарын жасау мектептері өнімдерінің, қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтіп, түрлі ойындар, викториалар мен конкурстар ұйымдастырылды.

ROBOTIХ KAZAKHSTAN компаниясының роботтарды көрсету және роботтарды құрастыру мен басқару бойынша шеберлік сабақтары ерекше қызығушылық туғызды. Астана күніне арналған мерекелік бағдарламалар мен мәдени-көпшілік шаралары бір мезетте саябақ, гүл бағы сынды қаланың басқа алаңдарында және облыс аудандарында қызықты әрі толыққанды өтті.

Темір Құсайын,

"Егемен Қазақстан"

Ақтөбе