ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017

Италия технологиясының игілігі елімізге келеді

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аумағында Италияның көшбасшысы саналатын Апулия өңірі «Ақылды қуат көздеріне арналған ақылды технологиялар» атты семинар өткiзiп, қазақстандық инвесторларға, ғалымдар мен кәсіпкерлерге озық инновациялық жобаларын таныстырды.

Италия технологиясының игілігі елімізге келеді

«Бұл маңызды тәжіри­беміздің арқасында біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып отырмыз және біз­дің мақсатымыз – заманауи технологиялардың энергиямен қалай үйлесе алатынын көрсету. Біз жаңғырмалы қуат көздерін дамытумен қатар, жоғары технологиялық және инновациялық құрал­дардың көмегімен қуат үнемдеу мәселесіне де назар аударамыз. 
Қазіргі таңда қалдық­тарды болдырмау үшін жоба­­лау тиімділігіне көп көңіл бөлудеміз. Осы тех­но­логияларды Қазақ­стан­да әрі қарай дамыта ала­тын инвесторларды, дист­рибьюторлар мен серік­тес­терді тапсақ деген ниетіміз бар», дейді Энергетика және сандық инфрақұрылым бюросының жетекшісі Кармела Ларадеста. Оның айтуынша, бүгінде Апулия өңірінде өндірілетін қуат­тың 30 пайызға жуы­ғы жаңар­тылатын қуат көздерінен алынады. Бұған қоса, өңір өзі тұтынатын энергиядан екі есе артық қуат өндіреді. Енді қуат өндіру көлемін ұлғайтудан гөрі, оны үнемдеуге басымдық берілуде.
«Патенттелген жобалар­дың әрқайсысы өзінің инно­вациялығымен ғана емес, коммерциялық және өнер­кәсіптік мәселелерді шешуге бағытталғандығымен ерек­шеленедi. Мәселен, қал­дықтан түзілген биомассаны өңдеу және қайталап пайдалану технологиясы электр қуатын өндіруге және кейін жойылуға тиіс қалдықтардың мөлшерін азайтуға мүмкін­дік береді, ашық булы қабыл­дағыш технологиясы күн­нен қуатталатын электр стан­са­ларының тиімділігін арт­тырады, оттегінің жалын­сыз жануы төменгі сұрып­ты отыннан арзан қуат өнді­реді, көмірсутекті тал­шық­ты пайдалану қоғамдық орын­дарды жарықтандыруға жұмсалатын қуат шығын­дарының мөлшерін қысқар­тады», дейдi К.Ларадеста.

Асқар Жұбатжанов, 
«Жасыл экономика коали­­циясының» 
инженерi: 
– Бiз жасыл экология ая­сында сутегi генераторын жасау­дамыз. Осы жұмысқа Қазақстан-Британ уни­вер­ситетiнiң зертханасы да қосылды. Себебi, сутегi – болашақтың энергиясы. Бiз жасап жатқан сутегi генераторын түрлi қуаттағы автокөлiктерге, автобустар­ға орнатуға болады. Мұндай генератор қозғалтқыш күшiне байланысты отынды шамамен 25-45 пайызға үнемдейдi. Сондай-ақ, ол экология­ны таза ұстауға септi­гiн тигiзедi. Ауаға бөлiнетiн зиян­ды қалдықтар шамамен 2 есе­ге азаяды, көмiртегi қыш­қылы мүлдем бөлiнбейдi. Сутегiнi пайдаланған авто­көлiктiң отыны толық жанып кетедi, күйе қалмайды, қоз­ғалтқыштың жұмысына жақ­сы әсер етедi. Еуропаның бiрнеше елiнде, Жапония мен Оңтүстiк Кореяда осын­дай автокөл iктердiң гибрид нұсқалары мен таза суте­гi қозғалтқыштары пайда­ланы­лады. Таза сутегi қозғалт­қыш­­тарының шығыны көп. Ал бiздiң аз сутегiнi пайда­лану ұсынысымыз технопарк шең­берiнде әзiрленсе, үш жыл iшiнде өнеркәсiп деңге­йiне жеткiзудi көздеп отырмыз. 
Расында Италия ғалым­дары ұсын­ған жоба­лардың болашағы зор. Бiзге сутегi күйiн­дегi энергияны дамы­ту үшiн олардың техно­логияларымен танысу қызық­ты болды.