ЭКСПО-2017 • 10 Шілде, 2017

40 жұп жас жұбай ЭКСПО-ны аралады

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Некелерін жаңа қиған 40 жас жұп ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығын аралады. Осылайша, үлкен өмірге қадам басқан жас отбасылар бұл күнді есте қалатындай етіп өткізуге тырысты.

40 жұп жас жұбай ЭКСПО-ны аралады

Шара ұйымдастырушысы Рыскүл Қауғабаеваның айтуынша, жыл сайын  50-ге жуық жас жұп Қазақстанның ең үлкен Туы түбінде неке қию рәсіміне қатысатын. «Биыл біз ол шараны өзгеше етіп өткізуді ұйғардық. Жас жұбайлардың алдымен ЭКСПО-2017 көрмесін аралап шыққанын жөн көрдік. Себебі, мұндай жиын елімізде, жалпы, Орталық Азияда алғаш рет ұйым­дас­тырылуда. Олар бұл күнді ешқашан ұмытпайды», дейді ол. 
Неке қию рәсімін топтап өткізу шарасы 2007 жылдан бері өтіп келеді. Осы уақытқа дейін жас жұбайлардың біразы аталған шараға қатысты. Бір жылда 50 жұптан қатысқан кездер де болған.