Аймақтар • 10 Шілде, 2017

Жамбыл облысында долан тұқымды қой өсірілуде

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының Меркі ауданында долан тұқымды қой өсірілуде. Дене бітімі де, түрі де өзгеше асыл тұқымды қойларды аудандағы «Хадижа» шаруақожалығы өсіріп отыр. Аптапта да жайыла беретін, тіпті 55 градусқа дейінгі ыстыққа да төзімді жануарлар ерекше жаратылған үлкен құлақтары арқылы салқындайды екен. Еті мол аша тұяқтының жүні де жартылай биязы.

Жамбыл облысында долан тұқымды қой өсірілуде

Шаруа қожалық басшысы бұл тұқымды алу үшін әуелгіде қойларды Еділбай тұқымымен будандастырып көрген екен. Бұл бастама оң нәтиже беріп, бүгінде асылтұқымды қойлардың арнасы кеңейе түскен.

Меркі ауданында орналасқан шаруақожалық негізінен ет өндіру бағытында жұмыс істеп, мемлекеттен де тиісті қолдау көріп отыр. Сондай-ақ, мұнда төрт түліктің басым бөлігі асылтұқымды екендігімен ерекшеленеді.

Жуырда ғана маңайдағы 20 шаруа бірігіп, кооперация құрып, мал сою алаңдарын да салған. Енді шаруалардың бұл бастамасы өңірдегі мал шаруашылығын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосатын болады.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы