Әлем • 10 Шілде, 2017

Моңғолияның жаңадан сайланған президенті ант қабылдапды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Моңғолияның жаңадан сайланған президенті Халтмаагийн Баттулга ант қабылдап, бұрынғы президенттен мөрді алды. Осылайша ол мемлекет басшысы міндетіне ресми түрде кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат mmontsame.mn-ге сілтеме жасап.

Моңғолияның жаңадан сайланған президенті ант қабылдапды

Инаугурацияның салтанатты рәсімі мемлекеттік резиденцияның үлкен залында өтті. Халтмаагийн Баттулга подиумға шығып, қолына Моңғолияның Конституциясын алып, ант берді. Соңынан жаңа президент сөз сөйледі.

«Мен ең алдымен, кедейлік деңгейін төмендетумен және Моңғолия азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен айналысатын боламын», - деп атап өтті ол.

Халтмаагийн Баттулга өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдап, ұлттық бірлікті қамтамасыз ететінін айтты. «Моңғолия ұлттық өнеркәсібі дамыған және қысқа мерзім ішінде өз экономикасын көтере білген ел болады», - деді Моңғолияның жаңа президенті инаугурацияның салтанатында.

Еске салайық, Моңғолияның Конституциясына сәйкес президент өкілдігінің мерзімі төрт жылға созылады.