Аймақтар • 10 Шілде, 2017

ОҚО-да салық көздері қайта нақтылануда

114 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облысымызда тіркеуден өтпеген бірде бір жер учаскелері мен ғимараттар және көлік құралдары қалмауы тиіс. Бұл жұмыстарды алдағы бір айда толық бітіріп, салық түсімінің көздері нақтылануы керек.  Сондай-ақ өңірімізде міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыру жүйесіне насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет. Бүгін бұл туралы облыс әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

ОҚО-да салық көздері қайта нақтылануда

Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылдан бастап 175 ауыл округі әкімдігінің  дербес бюджетін енгізу жоспарлануда. Осыған орай аудан, қала әкімдеріне жер учаскелері мен  көлік құралдарын толық тіркеуден  өткізу тапсырылған болатын. Алайда облыс елдімекендерінде халықтың 55 мың 787 дана жылжымалы және жылжымайтын мүліктері тіркелмегені анықталған.  Оның 18 246-сы жер учаскелері болса, 13 379-ы ғимараттар, 24 162-сін  көлік құралы. 

«Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес анықталған жылжымайтын және жылжымалы мүлікті тіркеуден өткізу биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін белгіленген болатын. Алайда бүгінгі таңға Төлеби ауданында небәрі 17, Түркістан қаласында 94, Бәйдібек ауданында 64 учаске тіркелген. Түркістан қаласында 12, Төлеби ауданында 40, Бәйдібек ауданында небәрі 26 ғимарат тіркеуге алыныпған. Созақ ауданында 1 182 көліктен бірден бірі тіркелмесе, Отырар ауданында небәрі 26, шардара ауданында 81, Сайрам ауданында 1420 көлік құралдары тіркеуден өткен», - деді ооблыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сабитов. 

Жиында бұдан бөлек, міндетті әлеуметтік – медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық –түсіндіру жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мәлімдеуінше штаб шүшелері 838 кездесу ұйымдастырған. «Емханаға тіркел де – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесідегі мәртебеңді анықта!» науқанында 2 млн. 801 мың адам тіркеліп, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бүгінге дейін облысымыздағы 872 783 адамның 868 825-нің әлеуметтік мәртебесі анықталып, ақпараттық дерекқорға енгізілген. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2018 жылы енгізілетіндіктен тиісті жұмыстарды мерзімінде аяқтау маңызды.

Екі мәселенің де жай-жапсарына қаныққан өңір басшысы аудан–қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

«Бүгінгі селекторлық мәжілісте көтерілген екі мәселе де өте маңызды. Елбасының тапсырмасы дер кезінде орындалуы үшін барлығымыз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Кемшіліктер орын алып отырған аудан әкімдеріне бір ай уақыт беремін. Осы мерзім аралығында барлық жер уаскелері мен көлік құралдары тіркеуден өтіп, нақты мәлімет анықталуы тиіс. Сондай-ақ медициналық сақтандуры жүйесін насихаттау жұмыстарын жандандыруды жүктеймін»,- деді Ж. Түймебав.