ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017

Экватордағы ел баламалы энергияға құштар

561 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұлттық күнін атап өту реті Гана Республикасына келіп жетті. Батыс Африкадағы шағын ғана елдің халқы өзгелердей пайдасы мол баламалы энергияны қолдайды.

Экватордағы ел баламалы энергияға құштар

Африка пла­за­сын­­да дәл осындай 21 мемлекет «жасыл» энер­­гетикаға қатысты жобаларын ұсы­ну­да. Гана Республикасының па­ви­льо­нын­да елдің тарихы мен дәстүрі ғана емес, сонымен қатар, балама энергия көз­­­деріне деген заманауи көзқарастар кө­­рініс тапқан. Ганалық ғалымдар да «жа­сыл» энергияны өндіретін түрлі жолдар­ды тал­қылап, оны өздеріне ендіруді көз­дей­ді. Олар баламалы энергия саласы да­мы­ған мемлекеттермен іскерлік байланыс орнатуды жоспарлап отыр. 
Салтанатты рәсімнің ресми бөлімі­н­де ганалық делегацияны бастап кел­ген, Сауда және өнеркәсіп вице-мини­стрі Ахенкора Кингсли сөз сөйлеп, елі­нің халықаралық шараға «Гана – жаң­ғыртылатын энергия көздері мүм­кін­дік­терінің тоғысқан жері» ұранымен қа­ты­сып отырғанын еске салды. «Біздің осы көрмеге қатысуымыз – еліміздің жаң­ғыртылатын энергия көздері секто­рын пайдалану және дамыту саласын­да белсенді қатысушы екеніміздің дә­ле­лі. Гана үкіметінің энергетикалық сая­са­ты­ның ортақ мақсаты – 2020 жылға дей­ін елдің жалпы энергетикалық балан­сында жаңғыртылатын энергия көз­де­рінің үлесін 10 пайызға дейін өсіру. Гана мұнай ресурстарын ашқаннан кей­ін африкалық өңірде ірі мұнай өн­діруші болуға ұмтылуда, дегенмен, елі­міз болашақта мұнай ресурстарына тәу­­елсіз әртараптандырылған экономи­ка құруды ойластыруда», деді вице-министр. Ахенкора Кингслидің ай­туынша, нөлдік меридианда және эк­ваторға жақын орналасқан Гана гео­гра­фиялық жағынан ғана емес, стра­те­г­иялық жағынан әлемнің ортасында ор­наласқан. Бұл жағдай мемлекетке Шы­ғыс пен Батыстың арасындағы уа­қыт айырмашылығын пайдаланып, екі жақ­пен де бизнес жүргізу мүмкіндігін береді.
Мереке аясында көпшілік Африка елінің бай мәдени бағдарламасын тамашалап, музыкалық театрдың «Wheels» атты қойылымын көрді. Сахнадағы ән-жыр арқылы қонақтар Батыс Африка елдерінің ерекшелігін сезіне алды.