ЭКСПО-2017 • 13 Шілде, 2017

Малайзия Маңғыстауға бет бұрды

128 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қазақстан – Малайзия бизнес форумы өтті. Онда Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен малайзиялық «Rich Energy» ком­паниясының бас директоры Шахул Хамид Мохд екіжақты ме­морандумға қол қойды.

Малайзия Маңғыстауға бет бұрды

Жи­ын­да жасалған келісім өңір­ге 1 млрд АҚШ долларына дей­ін инвестиция тартуды қа­рас­тырады. Меморандумға сәй­кес, еліміздің оңтүстік-ба­тыс аймағындағы мұнай-газ, электро-энергетика, ауызсумен қам­­тамасыз ету және туризм си­яқты салалары дамытылмақ. Ал облыс әкімдігі тарапынан малайзиялық компанияға қол қойылған құжаттағы мақ­сат­тарға жетуге қолдау жасалып, инвестицияларды қорғау мәселесінде жәрдем беріледі.
Жиында Малайзияның ха­лық­аралық сауда және индус­трия министрінің орынбасары Датук Ахмад Хаджи Маслан сөз сөйлеп, келісімнің мән-ма­ңызын әңгімеледі. «Бүгінгі ке­лісім – екі ел халқының әлеу­мет­­тік-экономикалық даму жо­­­­лындағы тағы бір маңызды ке­­зең. Астанадағы көрмеге Ма­­лайзия үкіметінің 90-нан ас­­там мүшесі мен жеке бизнес өкіл­­­дерінің қатысатындығын ес­­­керсек, алдағы уақытта екі ел­дің компанияла­ры арасында өза­­ра түсіністік ту­ралы бірнеше ме­­морандумға қол қойылып, ке­лісімшарттар жасалады деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда Маңғыстауда мұ­най мен газ өңдейтін 54 ұң­ғыма бар. Малайзиялық «Rich Energy» компаниясы осы өңірге шетелдерден инвес­ти­ция тартып, 2020 жылға қа­рай ұң­ғымалардың санын 88-ге жет­кі­зуді көздейді. Сонымен қатар, ком­пания метанол шығару зау­ыты мен электростанса құ­ры­лысын және табиғи газды сұй­ыл­ту құрылғыларын орнатуды жос­парлап отыр», деді ол.
Былтыр екі мемлекет ара­сындағы сауда-саттық кө­ле­мі ша­мамен 50 млн АҚШ долла­рына жуықтаған. Бұл 2015 жыл­ғы көрсеткішпен са­лыс­тырғанда, 36 пайызға артық. Ал Малайзияның Қазақстанға тау­ар экспорттау кө­лемі 4 млн АҚШ долларын құ­рады. Осы­лай­ша, Малайзия тау­ар ай­на­лымы жағынан ТМД ай­ма­ғын­да төртінші әріптесіміз болып отыр.