Қазақстан • 13 Шілде, 2017

Ұлттық музей қонақтары экскурсия жүргізушіні өздері таңдай алады (видео)

702 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО көрмесі басталғалы бері Ұлттық музейге келушілер саны артты. Күн сайын орта есеппен мұражайға 3 мыңнан астам адам келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Ұлттық музей қонақтары экскурсия жүргізушіні өздері таңдай алады (видео)

ҚР Ұлттық музейінің экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері Әйгерім Әміралиеваның айтуынша, бүгінгі күні музейде 20-ға жуық экскурсия жүргізуші бар.

«Халықаралық деңгейдегі музей болғандықтан, бірнеше шеттілін жетік білетін мамандар қабылданды. Екі-үш ай бойы тағылымдамадан өткізген соң, үздіктері жұмысқа алынды. Экскурсия жүргізушілер қазақ, орыс тілдерінен бөлек ағылшын, түрік, қытай және француз тілдерінде экскурсия жүргізеді», – деді ол.

Сондай-ақ, әдіскер келушілер экскурсоводты өздері таңдай алатынын айтты. Музейдің бірінші қабатында барлық экскурсовод мамандар туралы ақпарат жазылған.

«Музейге келген шетелдіктер аталған ақпараттық анықтамалықтан экскурсияны қай тілде тыңдағысы келсе, сол тілді меңгерген экскурсоводты таңдай алады. Экскурсияның академиялық сағаты 45-60 минут аралығын құрайды», – деді Ә. Әміралиева.