Кеңес барысында Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тегжейлі жоспар қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев құзыретті мемлекеттік органдарға Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сөзсіз іске асыру мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.