Қазақстан • 15 Шілде, 2017

«Ақ бидай-2017» жазғы спорт мерекесінің ашылу салтанаты өтті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамлютка қаласында XXI-ші «Ақ бидай-2017» жазғы спорт мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Оған өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысып, ауыл спортшыларына сәттілік тіледі.

«Ақ бидай-2017» жазғы спорт  мерекесінің ашылу салтанаты өтті

 «Елбасы алға қойған мақсаттарды  жүзеге асыру үшін  бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел тұрғындарына  мықты денсаулық, қажыр-қайрат, күш-жігер, табанды еңбек  қажет. Біздің болашағымыз – саламатты өмір салты. Осы тұрғыда бұқаралық спорт түрлерінің алатын орны ерекше», деді Қ. Ақсақалов.  Жарыс туын алаңға  Сергей Щербаков,  Александр Марчук, Нұржан Бекетов, Рустам Набиуллин секілді есімдері  аймаққа белгілі споршылар алып шықты.  Алауды жағу құрметі  қазақ күресінен Еуропа  чемпионы  Мақсат Нүсіповқа бұйырды. 
Жарыс үш күнге созылып,  футбол, волейбол,  баскетбол, велоспорт, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат,  ауыр атлетика, еркін күрес, дойбы, гір спорты, Президенттік көпсайыс, пневматикалық вентовкадан ату мен бокс сияқты спорттың 16 спорт түрін қамтиды. 
Өмір Есқали
"Егемен Қазақстан"
Солтүстік Қазақстан облысы