Қазақстан • 15 Шілде, 2017

Астанада Қызылорда облысының жәрмеңке күндері өтуде

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Астана қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жәрмеңке биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы 3-4 маусым күндері өткен болатын.

Астанада Қызылорда облысының жәрмеңке күндері өтуде

Елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап Сыр өңірінен 30-дан астам өнім түрлері жеткізілді. Оның ішінде күріш, жылқы еті, тауық еті, сүт өнімдері, ара балы, балық, жеміс-жидектер, көкөністер бар.

«Қызылорда облысы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында елордада төрт рет жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Бүгін-ертең, яғни 15-16 шілде күндері екінші мәрте ұйымдастырып отырмыз. Осыдан кейін 5-6 тамыз және 15-16 қыркүйекте өтеді», деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Жақанов.

Жәрмеңкеге Қызылордадан 26 тауарөндіруші қатысып отыр. 75 млн теңге көлеміндегі 170 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері сатылады деп күтілуде.

Суретті түсірген: Бағдат Есжанов