Бокс • 15 Шілде, 2017

WSB: «Арландар» финалдық кездесуді жеңіспен бастады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр.

WSB: «Арландар» финалдық кездесуді жеңіспен бастады

Жекпе-жек шымылдығын 49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос ашып берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын бет қаратқан жоқ. 

Кездесуде Теміртас Жүсіпов қарсыласынан жас жағынан да тәжірибе жағынан да басым екенін анық байқатты. Кубалық боксшы алғашқы раунда қарсыласып баққан. Әйтсе де, Жүсіпов қарсыласынан ширақ қимылдап, әр раунд сайын дәл соққылар жасап, қарсыласынан басым түсті. Жекпе-жектің соңына таман Теміртас күшіне еніп, Аргилагостың апшысын қуырған. Төрешілер бір ауыздан жеңісті 3:0 есебімен Жүсіповке берді. 

Кездесуден кейін Теміртас Жүсіпов журналистерге берген сұхбатында жанкүйерлерге қолдауы үшін рахмет айтты: 

- Кездесуде бапкерлерімнің айтқандарын толық орындап шықтым. Кешегі салмақ өлшеуден соң қарсыласым жынданып шыққан, бүгінгі кездесуде ол өзін жоғалтып алды. Сондай-ақ, жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс білдіремін.

Айта кетейік, екі боксшы 2015 жылғы финалда жолығып, кездесу Жүсіповтың жеңісімен аяқталған болатын.