Бокс • 15 Шілде, 2017

WSB: «Арландар» екінші жекпе-жекте жеңіске жетті

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана арландары» финалдық кездесудегі қорытынды есеп санын 2:0-ге жеткізді.

WSB: «Арландар» екінші жекпе-жекте жеңіске жетті

Астанада өтіп жатқан WSB сериясының финалдық бәсекесінде шаршы алаңға екінші болып шыққан Ілияс Сүлейменов кубалық Хавьер Ибаньестен басым түсті. Бірінші рауандты бір-бірімен аңдысып өткізген боксшылар, екінші рауандтан бастап ширақ қимылдай бастады. Үшінші раундта кубалық боксшы басымдылыққа ие болғандай көрінген. Алайда Ілияс қарсыласына мұрша берген жоқ. Есеп 3:0. 

Жекпе-жектен кейін Ілияс Сүлейменов жекпе-жекті мінезінің арқасында жеңгенін айтады:

- Бүгінгі қарсыласымның алыс қашықтан соққы жұмсауы қиын екенін ескеріп, соған сай әдіс жасадым. Ол менің айлама алданып, бірнеше соққы дарытып алды. Қолымды түсіріп, ойнатып, оның әбден зықысын шығардым. Ринг сыртынан жанкүйерлердің қолдауын естіп, одан сайын қуат алдым. Ал кубалықтар айқайлаған кезде қарсыласымды төмпештеп тастағым келді. Қысқаша айтқанда, бүгінгі жекпе-жекте мінездің арқасында жеңіске жеттім.

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатыр.