Бокс • 15 Шілде, 2017

WSB: «Куба қабыландары» финалдық бәсекедегі есепті қысқартты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шаршы алаңға үшінші болып шыққан Эрисланди Савон «Арлан» Антон Пинчукті 3:0 есебімен жеңіп кетті.

WSB: «Куба қабыландары» финалдық бәсекедегі есепті қысқартты

91 келіде сынға түскен тәжірибелі Савон бірінші раундтан бастап белсенділік танытты. Кубалықтың жаңбырдай жауған соққыларына Пинчук қауқар көрсете алған жоқ. 

Айта кету керек, әуелде «арландар» сапынан бұл килограмда финалдық кездесуге Василий Левит шығатын болған. Алайда, ол байқаусызда қолын жарақаттап алып, рингке шыға алмайтын болды. Эрисланди Савонды Олимпиаданың үш дүркін чемпионы, атақты боксшы Феликс Савонның жиені. Антон Пинчук бір сұхбатында қарсыласын күліп жүріп жеңетінін айтқан-ды. Бұл жолы Антонның әдісі кубалық «қабыланға» өткен жоқ.

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатыр.