Бокс • 15 Шілде, 2017

WSB: Ақтық бәсекенің есебі теңесті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

64 килограмда сынға түскен кубалық Энди Круз килодағы биылғы жобаның дебютанты Ділмұрат Мижитовтен басым түсіп, ақтық ойындағы есепті теңестірді.

WSB: Ақтық бәсекенің есебі теңесті

Кубалық боксшы ә дегеннен-ақ шабуылға шығып, Ділмұратты әбден діңкелетті. «Арлан» Мижитов қарсылық көрсетуге тырысқан. Тіпті, бірнеше мәрте соққыларын қарсыласына дарытып үлгерді. Алайда тәжірибелі «қабылан» қазақстандық боксшының көсіле шабуына мүмкіндік берген жоқ. Әйтпесе, Мижитовтың техникасы мен физикасы келісіп тұрған еді. Энди Круз 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатыр.