Бокс • 15 Шілде, 2017

WSB: Арман Рысбек Олимпиада чемпионы Ла Крузға есе жіберді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финалдың екінші бөлігінде шаршы алаңға алғаш болып Хулио Сезар Ла Круз бен Арман Рысбек көтерілді. Тәжірибесі мол, Олимпиада чемпионы Ла Круз Арманға еш мүмкіншілік бермей, 3:0 есебімен басым түсті.

WSB: Арман Рысбек Олимпиада чемпионы Ла Крузға есе жіберді

Жекпе-жек алғашқы раундында екі боксшы да барын салмай, сәті түскенде жұдырық жұмсап жүрген. Екінші кезең бастала сала Ла Круз алға атой салып, лап қойды. Алайда сәті келгенде Арман да қарсыласын құлақ шекеден сілейтіп ұрып отырды. «Арланның» әлеуетін байқаған Ла Круз көп ұзамай-ақ аяқ тартып, шаршы алаңның бұрыш-бұрышына қашып жүріп бокстасауға көшті. Жекпек-жектің қалған бөлігінде кубалық "қабылан" Арманның адымын аштырған жоқ. 

Арманның жеңілісі сәтсіздік емес. Кездесуге дейін-ақ бокс мамандары да, жанкүйерлер де Ла Крузды фаворит ретінде санаған. Енді ше, ол өзі барған жарыстың бәрінде қарсыластарын жеңіп, алтын медальі алып қайтады. Рио Олимпиадасында, Дохада өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмегені тағы бар. WSB жобасында да Ла Круз жеңілістің ащы дәмін жиі сезе бермейді.

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтіп жатыр. Әзірге кубалықтар 4:2 есебімен алда келеді.