Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров және Республика Митрополиті Александрмен кездесу өткізіп, адамның діни сенім бостандығына берілетін құқықтар, діни ұйымдар қызметі, аталған саладағы ынтымақтастық аясындағы өзекті мәселелері талқылады.
Омбудсмен Қазақстандағы діни саладағы заңнамалық және құқық қолдану тәжірибесі, сондай-ақ азаматтардың ар-намыс бостандығына берілген құқықтарды қорғау тетіктері туралы Митрополитке айтып берлі.
Тараптар Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ауқымды бағдарламасын іске асыру контексінде тұрақтылық, бірлік пен келісім қағидаттары бойынша қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың түйінді негіздерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша адамның діни сенім бостандығына берілетін құқықтарын және конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асыру қажеттігі туралы ортақ пікір айтылды.