ЭКСПО-2017 • 18 Шілде, 2017

EXPO-2017. Ресей павильонында «Атом апталығы» ашылды

163 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Ресей Федерациясының павильонында Ресейдің атомдық технологияларына арналған «Атом апталығы» ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

EXPO-2017. Ресей павильонында «Атом апталығы» ашылды

Апталықтың ашылу шарасына «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директорының бірінші орынбасары Кирилл Комаров, РФ павильонының бас комиссары, РФ Сауда және өнеркәсіп министрі Георгий Каламанов және ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысып, салтанатты түрде тұсаукесер лентасын қиды.

«Жасыл» энергия көздеріндегі теңгерім - болашақтағы мінсіз энергиялық теңгерім болмақ. Көптеген халықаралық сарапшылар біздің бұл ойымызбен келіседі. Әрине, «жасыл» энергиялық теңгерімде атомдық энергетика елеулі рөлге ие болып қала береді. Бірақ, атомдық технологиялар бүгінде жай ғана энергетика емес. Біздің экспозицияны тамашаласаңыздар, медицина мен ауыл шаруашылығы салаларында суды тазарту және тұщыландыруда радиациялық технологияларды қолдану секілді атомдық технологиялардың адам өмірін қаншалықты жақсартатынын көрер едіңіздер. Арктика тақырыбы да ерекше атап өтуге тұрарлық мақтанышымыз. Біз мұнда ресейлік мұзжарғыш флоттың бүгіні мен болашағын көрсетіп отырмыз. Бұл атомдық энергияға негізделген әлемдегі жалғыз мұзжарғыш флот. Сондай-ақ, көрмеде мұзжарғыштың жаңа үлгісі - «Лидер» мұзжарғышының және атомдық мұзжарғыштар мен жүзбелі атомдық стансаның макеттері бар Солтүстік теңіз жолын көре аласыздар», деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директорының бірінші орынбасары, халықаралық бизнес және даму бөлімінің директоры Кирилл Комаров.

Ашылу салтанатынан кейін келушілер 3+ үлгісіндегі энергетикалық блокқа виртуалды саяхат жасады және радиациялық технологияларды медицина мен ауыл шаруашылығында пайдалану, атом энергиясын ғарышты меңгеруде қолдану мүмкіндіктері және суперкомпьютерлер, тұйық отын циклы, жоғары өткізгіштер мен ядролық энергетика туралы баяндайтын экспозициямен танысты.