20 Шілде, 2017

Жадыға көшкен жәдігерлер

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қарағанды облысының мұражайлар аптасы» шарасының шеңберінде Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайының көрме­сі ашылды. Экспозиция «Тарихтың үнсіз куәгерлері» деп аталады. Мұнда мұражайдың ашылуынан бастап 1978 жылдан бері жиналған ең қымбат жәдігерлері қойылған. Көрмеде Ұлытау-Жезқазған аймағының тарихымен таны­суға болады. 

Жадыға көшкен жәдігерлер

Көшпелі мұражай «Сарыарқаның көне жолдары», «Ескерткіштер – тарих­тың үнсіз куәгерлері», «Уақыт үндестігі» сынды тақырыптар арқылы көзі қарақты көрермендерді тарихтың терең қойнауына сапарлатпақ. – Біздің мұражайда бүгінгі күні 50 мыңнан астам жәдігер бар. Олар­дың ішінде сирек кездесетін дүние­лер де табылады. Бұл көрмеге біз 70 жәді­гер алып келдік. Олардың бар­лығы – түп­нұсқа. Биылғы жылы өткен «Та­рих­­та өз атыңды қалдыр» атты акция шең­­­берінде Тайжан Қалмағамбетовтің ұр­­пақ­­­тары біздің мұражайға оның сыр­найын қалдырған еді. Оны да осында алып келдік, – дейді Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры Раушан Қаппарова. Көрмеге келушілер былғарыдан, қазақ халқының ағаш пен металдан жасалған ыдыстарын, қымыз сақтауға арналған құмыра, бие сүтін құятын былғары мес, кеселерге арналған құтылар, ерлердің белдіктері, әйелдердің әшекейлерін көре алады. 

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы