Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Сот төрелігі академиясын 51 түлек бітірді

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева мәлімдеді.

Сот төрелігі академиясын 51 түлек бітірді

А.Қыдырбаева бас­па­сөз мәслихатында Ұлт жоспары шең­берін­де көзделген сот рефор­ма­ларының сәтті іске асы­рылғанын атап өтті. Атап айтқанда, ол Ұлт жоспары шеңберінде жүргізілген реформалардың сот тө­ре­лігін жүзеге асырудың тиім­ділігіне оң ықпал етке­нін жеткізді.

«Айталық, есепті ке­зең­де соттарда азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарды. Істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қа­ра­луда. Сот бұйрығы, дау­ларды шешудің баламалы тәсілдері және медиа­ция тәртібінде қаралған істер саны едәуір артты. Келісімдік тәртіптегі қыл­мыстық істер саны 43 па­йызға, қысқартылған негіз­дегі істер саны 3,5 есе­ге көбейді», деді  Жоғар­ғы Соттың маман­дан­ды­рыл­ған сот алқасы­ның төрайымы.

Сонымен қатар ол судья­лыққа кандидаттар­дың жасы 30-ға дейін ұл­ғайтылғанын жеткізді.

Өз баяндамасы барысында спикер Жоғарғы Сот жанындағы Сот төре­лігі академиясының алғаш­қы түлектері қанат қаққа­нын да сөз етті.

«Жоғарғы Сот жанын­дағы айрықша мәртебеге ие Сот төрелігі академиясы 2016 жылғы 18 ақпанда Президент Жарлығына сәйкес құрылды. Жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін арттыру және қоғамның сот төрелігіне сенімін нығайтуға қабілетті жаңа формациядағы сот кадрларын даярлау жа­ңа ЖОО-ның негізгі мін­дет­тері болып табылады. Биыл Сот төрелігі академиясын 51 түлек бітіріп шықты», деп атап өтті А.Қыдырбаева. 

Сонымен қатар, спикер жаңа ереже бойынша 191 судья іріктелгенін, оның ішінде 140 судьяның кәсіби қызметі бағаланғанын баяндап, жалпы алғанда, судьялар корпусы өздерінің кәсіби біліктіліктерін растап келе жатқандықтарын жеткізді.

Соңында Айгүл Қы­дыр­­баева инвести­ция­лық даулар бойынша сот ісін жүргізудің қорытын­ды­ларына тоқталып, 2017 жыл­дың бірінші жар­­тыжыл­дығында атқа­рыл­ған жұ­мыстардың нәти­жесіне де шолу жасады.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»