Көрме алаңындағы кездесулер Қытай компанияларымен тиімді жұмыс істеу үлгісін қалыптастырады. Негізгі тақырып – инвестициялық әріптестік дамуы, бірлескен жаңа кәсіпорындар құру және екі жақты тауар айналымын ілгерілету.
«Біз қытайлық достарымызбен және серіктестерімізбен іскерлік әріптестікті нығайту мақсатында ЭКСПО алаңын тиімді пайдаланудамыз. Осылайша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияны тарту бойынша тапсырмасын орындауға үлес қосу үстіндеміз. Барлығымыз Қытайдың Еуразия құрлығында және әлемде мойындалған экономикалық көшбасшы екенін білеміз. Біздің кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы, туризм, жаңа технологиялар салаларында үлкен тәжірибесі бар көп ұлтты провинция – Юньнаньмен танысты. Бұл шаһар Қытайдың оңтүстік қақпасы екенін жақсы түсінуіміз керек. Сондықтан Қазақстан аймақтары осы провинциямен іскерлік қарым-қатынасты барынша нығайту қажет», дейді Инвестициялық әріптестік агенттігінің басшысы Айдын Байеділов.
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
Суреттерді түсірген
Орынбай Балмұрат,
«Егемен Қазақстан»