Бокс • 27 Шілде, 2017

Головкин карьерасындағы 5 маңызды сәт

203 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан атын әлемге паш етіп жүрген Геннадий Головкинді шетелде танымайтындар некен-саяқ. Майқұдықтың сары баласы бұл жетістікке оңай қол жеткізе салған жоқ.

Головкин карьерасындағы 5 маңызды сәт

Генаның теңдессіз шеберлігіне таңғалғандарға оның өмір жолы үлгі іспетті. Таяуда кәсіпқой бокс туралы ақпарат тарататын танымал boxingnewsonline.com сайты Головкиннің қазіргі жетістігіне жеткенге дейінгі 5 маңызды сәтін атап көрсетіпті. 

«Қыркүйектің 16-сы күні Т-Мобайль аренасында орта сал­мақ­­тың чемпионы Головкин Сауль Аль­варес Канеломен жұдырық түй­істіріп, биылғы ең ма­ңызды және көп күтіл­ген жекпе-же­гін өткізеді. Мекси­калықпен бо­­латын айқас алдында қазақ бокс­шы­сының есте қаларлық 5 сәтін ұсынып отырмыз» – деп жазады boxingnewsonline.com сайты. 

Генаның карьерасындағы ең әуел­гі маңызды сәт – әуесқой ринг­тегі теңдессіз нәтижесі деп есеп­тейді мақала авторы. «Кә­сіп­­қой рингте кө­те­ріл­ген­ге дейін ол Қазақ­стан­­да аты шы­ғып, әуесқой бокс­­та 345 мәр­те жеңіске же­тіп, 5 кез­де­суде ғана ұты­лып, тең­дес­сіз нәтижеге қол жет­кіз­ді. 2003 жылы Тайландта өт­кен әлем чемпионатында алтын ме­да­ль жеңіп алғаннан кейін Го­лов­­кин­нің атағы одан әрі асқақтады» – деп жа­зады boxingnewsonline.com. Ма­қала авторының пікірінше, Афи­ны Олимпиадасы (2004 жыл) Гена­ның спорттық өміріндегі ең ма­ңызды сәт. Сондай-ақ, байрақты бә­се­кенің кү­місі кәсіпқой бокстағы таң­ға­лар­лық тағдырының іргетасы болды дейді автор. 

Геннадийдің кәсіпқой рингтегі кезеңі келесі бір маңызды сәт Абель Санчеспен келісімге келуі екені­не тоқталады. «Кәсіпқой рингке ауыс­қан соң Головкин ағайынды Клич­колар секілді Мэдисон Сквер Гарденде жекпе-жек өткізуді мақ­сат етті. Арманына жету үшін ол К2 промоутерлік компаниясы­мен келісімшарт жасасып, арда­гер бапкер Абель Санчестің қара­м­а­ғына келді» – деп мәлімдейді boxingnewsonline.com. Мақалада бапкердің жас қазақ боксшысына бірден көңілі толғаны айтылған. «Санчес мексикалықтардың жой­қын­дығын Головкиннің байқампаз әуесқой шығыс стилімен байланыс­тыр­ды. Нәтижесінде, соққысы дөп ти­е­тін, жаужүрек боксшы қа­лып­тас­ты. 

Мақалаға ден қояр болсақ, 2010 жы­лы 14 тамызда тұңғыш рет кә­сіп­қой бокстан чемпионы» атану­ы – Головкиннің өміріндегі үшін­ші маңызды сәт. Сол кезде Гена ко­лум­биялық Милтон Нуньеспен WBA Interim тұжырымдамасына та­ла­сқан болатын. «Головкиннің қар­сыласы жекпе-жек бастала сала қо­жырап, көзді ашып-жұмғанша 58 се­кунд ішінде Головкин Нуньесті но­кау­тқа жіберді. Қазақ WBA Interim бел­дігін алған, алайда бір жылдан кей­ін WBA-ның тұрақты чемпионы атанды».

Boxingnewsonline.com Голов­кин­­нің келесі бір маңызды қадамы деп Келл Брукпен өткізген жекпе-же­гін есептейді. Аталған кездесу Генаның Ұлыбританиядағы танымалдығын арттыруға себеп болды. Естеріңізде болса, бұл жек­пе-жек былтыр 10 қыркүйекте Лон­­донда өткен еді. Жекпе-жектің 5-рау­н­дында Головкиннің нөсердей жау­­ған соққыларына Бруктың шыда­ма­ға­нын көрген бап­кер­ле­рі шә­­кіртінің жеңілгенін мойындап, шаршы алаң­дағы айқасты мерзімінен бұ­рын тоқтатқан болатын. Мақала авто­ры­ның сөзіне сүйенсек, Генаның карь­ерасындағы бесінші маңызды сәт ретінде Даниэль Джейкобспен өт­кен жекпе-жек есептеледі. Орта сал­мақ­тағы әлемнің екі мықты боксшысы өткізген кездесуде америкалық был­ғары қолғап шебері Головкинге әжеп­теуір қарсылық көрсетті деп тәпсірлейді boxingnewsonline.com. Әйтсе де, Майқұдықтың майталманы қарсыласына дес берген жоқ. 

Геннадий Головкин келесі жек­пе-жегін 18 қыркүйекте Лас-Вегаста Сау­ль Альвареске қарсы өт­кі­зед­і. Алдағы кездесуде Генаның 4 бел­дігі, WBA тұжырым­да­ма­сы­ның супер чемпионы, WBC тұжы­рым­­да­масының чемпионы, IBF тұ­жы­­рым­дамасының чемпионы, IBO же­ңімпазы атақтары мен The Ring жур­налының белдігі сарапқа салына­ды. Бұл – Головкиннің кәсіпқой ринг­тегі 38-ші жекпе-жегі. Гена әлі бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ. Қыркүйектегі кездесуде де Май­құдықтың майталманы жеңісті жолын жалғастырады деп сенеміз. 

Ағылшын тілінен әзірлеген 
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»