Аймақтар • 27 Шілде, 2017

Петропавлда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көршілер арасындағы дау-дамай кісі өлімімен аяқталды.

Петропавлда жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды

Бірнеше күн бойы хабарсыз кеткен бірі 63, екіншісі 59 жастағы ерлі-зайыптылардың өлі денелері иесіз қалған саяжайлардың бірінен табылды.

«Жедел іздестіру шаралары арқасында 1962 жылы туған петропавлдық тұрғын күдікті ретінде ұсталды. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке
тартылмаған ол кінәсін толық мойындап отыр», дейді Петропавл ІІБ бастығының бірінші орынбасары Асан Мейрамов.

Олардың арасындағы көптен бері созылып келе жатқан өзара келіспеушілік осылайша қанды оқиғамен аяқталды. Қылмыскер көршілерін
саяжайға алдап шақырып, екеуін де жайратып салған.

Аталған факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан
айрылуы мүмкін.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы