Күрес • 27 Шілде, 2017

Солтүстікқазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайландтың Бангкок қаласында грек-рим күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде  Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі.

Солтүстікқазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Сары құрылықтағы кілең мықтылар қатысқан бәсекеде  облыстық спортқа дарынды балаларға мамандырылған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі Оралхан Мырзабаев 58 кило салмақта алтыннан алқа тақты. Ол ақтық белдесуде Иранның балуанын тізе бүктірді.

Оралхан грек-рим күресімен он жылға жуық шұғылданып келеді. Осы уақыт аралығында  республикалық, халықаралық жарыстарда талай рет жасындай жарқылдаған болатын.

Енді, міне, ел намысын абыроймен қорғап, кіл мықтылар арасынан топ жарып шықты.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.