Қазақстан • 27 Шілде, 2017

Жыл басынан бері елорданың оннан астам көшесіне жол ашылды

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда қала жолдарының 25 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді; ағымдағы жылдың соңына дейін қашықтығы 79,9 шақырым 89 көшенің жолдары қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл басынан бері елорданың оннан астам көшесіне жол ашылды

(Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды)

Үстіміздегі жылы Астана қаласының әкімдігі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бірнеше қатар көшелерге жол ашты.

- Жолдар А.Байтұрсынов көшесінде Қ.Аманжолов көшесінен «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін (А62 көш.), Ж.Нәжімеденов –Қ.Аманжолов көшесінен жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін (А62 көш.), А62 көшесінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалы аумағында, №24 көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел даңғылына дейін, Түркістан және Ақмешіт көшелерінде Орынбор көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аумақта, Ақмешіт көшесінде Керей, Жәнібек хандар даңғылына дейінгі аумақтан №24 көшесіне дейін және №26 көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін, №31 көшесінде Қабанбайбатыр даңғылынан Нұра-Есіл арнасына дейін, №357, 496, 498 көшелерінде №31 көшеден өрт депосына дейін жолдар ашылды, - деп хабарлады Астана қаласының көлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исаков.

Бұдан бөлек Мәңгілік Ел даңғылы мен №31 көше қиылысы маңында аумағы 40 мың шаршы метр 1,5 мың көлікке шақталған тұрақ құрылысы аяқталды.

Бүгінгі таңда аумағы 25 шақырым елорда жолдарына орта жөнде жүргізілді.

Бұған қосы осы жылдың қараша айының соңына дейін Сарайшық көшесіндегі Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін ұзындығы 3 шақырым жол ашылады. Ш.Бейсекова көшесіндегі Сығанақ көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аумақта қашықтығы 2,9 шақырым жол құрылысы басталады.

- Бұл шара Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Қорғалжың тасжолындағы қозғалысты азайтуға септігін тигізеді,- дейді А.Исаков.

Қаланың әлеуметтік нысандарына инженерлік желілер мен келетін жолдар тарту үшін бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде С.Сейфуллин және Н.Тілендиев даңғылы 4 көше жалпы ұзындығы 5,3 шақырым: Қошқарбаев көшесі ауданындағы 7 көше жалпы аумағы 9,1 шақырым; Сығанақ көшесінің оңтүстік аумағында Құлагер» ТК, «Шығыс» ТК аумағында көше құрылысы басталды.

Жолдарды қалыпқа келтіру және салу жұмыстарына 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Жыл соңына дейін орта жөндеу жұмыстарымен 89 көше қамтылады, ұзындығы 79,9 шақырым.

Орта, ағымдағы жөндеуге 630 адам жұмылдырылады. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 174 адам, 80 бірлік мамандандырылған техника еңбеккке тартылады.

Жыл бойы жолдардағы ойылған жерлерді жамауға 15 бригада жұмылдырылған.

Ағымдағы жылы «Screpton» материалын қолдану арқылы 50 көшеде жалпы аумағы 27 шақырым жол құрылысын жүргізу жоспарлануда.