Әлем • 28 Шілде, 2017

Токиода Қазақстанның антиядролық бастамаларының таныстырылымы өтті

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиода Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу жөніндегі келісімге арналған Оңтүстік Шыңғыс Азия, Тынық мұхит аймағы және Қиыр Шығыс елдерінің халықаралық конференциясы өтті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.

Токиода Қазақстанның антиядролық бастамаларының таныстырылымы өтті

Шараға 26 елдің  және халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты. Жапония  сыртқы істер вице-министрі  Киёси Одавара өз сөзінде Қазақстан мен Жапонияның аталмыш келісімді іске асыруда  9- конференцияның тең төрағасы ретінде атқарған іс-әрекетін  жоғары бағалады.

Сондай-ақ  екі елдің ядролық қаруды таратпау режімін нығайту бағытында лайықты үлес қосқандықтарын атап өтті. Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Кожатаев шараға қатысушыларды Қазақстан Президентінің аймақаралық және жаһандық қауіпсіздік салаларындағы бастамаларымен хабардар ете келе, біздің еліміздің ядролық қарусыздану және таратпау процесіне қосқан үлесін айтты.

Сессиялық отырыс барысында Қазақстан мен Жапония  9-конференцияның тең төрағасы ретінде ядролық қарудың салдарын жоюда екі ел  тәжірибесінің  аса маңызды екендігін атап өтті және алдағы уақытта да ядролық сынаққа жаппай тыйым салу жөніндегі келісімнің тездетіп күшіне енуіне күш салатындықтарын растады.

Конференция қорытындысы бойынша жапондық тарап Қазақстанға  Келісімнің тездетіп күшіне енуі мәселесін жылжыту бағытындағы  Қазақстанның  бірлесе жүргізген белсенді жұмысына алғыс білдірді.