23 Қаңтар, 2010

Әкім есеп берді. Ел не деді?

1738 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
ТОЛҒАҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАШАНДА БАҚЫЛАУДА Мемлекеттің қарқынды дамуы үшін әр өңір белгілі бір талап үде­сінен шыға білуі тиіс. Бұл еліміздің түрлі деңгейдегі әкімдерінің, яғни жергілікті билік органдарының бі­ліктілігі мен олардың атқарып отыр­ған жұмыстарының жүйелілі­гі­мен өлшенетіні сөзсіз. Соңғы уа­қытта жыл сайынғы дәстүрге ай­нал­ған әкімдердің халық алдын­дағы есеп беруі – осы мақсатты көздейді. Астана қаласындағы Есіл ауда­нының әкімі Қайрат Жаңабер­ге­нов­тің аталған ауданның 2009 жыл­ғы әлеуметтік-экономикалық да­муына қатысты есептік кездесуінде халық көкейіндегі маңызды мәсе­ле­лер жан-жақты айтылып, бола­шаққа бағыт-бағдар жасалды. Бұл кездесуге Астана қалалық мәслиха­ты­ның хатшысы Владимир Ред­ко­ка­шин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун, сон­дай-ақ орталық атқарушы орган­дар­ға қарасты қалалық басқармалар жетекшілері қатысты. Бұл күнгі әкімнің есептік кездесуіне халық та көп жиналды. Есіл ауданы Мемлекет басшы­сы­ның Жарлығымен 2008 жылдың 5 тамызында құрылған-тын. Десек те, құрылғанына аз ғана уақыт бол­ған бұл ауданның алдында тұрған мақсат-міндеттер орасан. Мұны аудан әкімі Қайрат Жаңабер­генов­тің халық алдындағы есепті кез­де­суінде айқын аңғардық. Яғни, бүгінде жас ауданға артылар жауап­кершілік жүгі ауыр-ақ. Арнайы статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, қазіргі таңда Есіл ауданын­дағы халықтың жалпы саны 180 мыңға жуықтайды екен. Ал сол бір­неше мыңдаған халықтың әлеумет­тік жағдайы мен тұрмыс-тірші­лі­гінің қай деңгейде болатыны ендігі кезекте аудан әкімінің қарым-қабілетіне тікелей байланысты. “Елбасы тапсырмасына сәйкес, жергілікті жерлердегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есеп беруі 6 жыл бойы жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл – бірінші кезекте ат­қа­рушы билік пен халық ара­сын­дағы үн­қатысуға құрылған шара. Сол се­беп­ті, мұндай кездесулерде біз өзі­міз­дің атқарған жұмыс­тары­мызға сіз­дер арқылы сын көзбен қарап, бо­лашаққа жоспар жасауға мүм­кін­дік аламыз, – деді Қайрат Мыр­за­хан­ұлы өз сөзінде. – Өткен жыл әлем­ді тегістей жайлаған дағ­дарыс толқынының күш алуымен ерек­ше­лен­гені белгілі. Банк жүйе­сін­дегі қар­жы көлемінің азаюына байла­ныс­ты құрылыс индустриясы және кейбір ірі өнеркәсіп орын­да­ры тоқ­тап қалды. Ал бұл өз кезе­гінде жұ­мыс қарқынын да едәуір төмендетті. Осының салдарынан жұмыс орын­дары мен жалақы мөл­шері қысқа­рып, халықтың төлем қабілеттілігі азайды, шағын және орта бизнес нысандарының өнім­де­рі мен қыз­меттеріне деген сұра­ныс күрт азай­ды”. Осылай дей келе Қ.Жа­ңа­бер­генов бұл өз кезегінде қала қазы­на­сының кіріс бөлігін тө­мендетпеу үшін кейбір бюджеттік бағ­дарла­ма­ларды қысқартып, кейін­гі жылдарға ауыстыруға әкеліп соққан­дығын, алайда мемлекеттің дер ке­зін­де қолға алған шаралары дағ­да­рыс­тың бетін қайтаруға сеп болған­дығын атап көрсетті. “Мә­селен, Елбасы­ның стратегиялық саясаты ар­қа­сын­да бірқатар ма­ңыз­ды бағдар­ла­малар қолға алынды. Солардың қатарына “Жол картасы” бағдар­лама­сын жат­қызуға болады. Бұл жұмыссыз­дық­пен күрес мәсе­лесінде үлкен рөл ат­қарды”, деді аудан әкі­мі. Оның ай­туынша, “Жол картасы” бағдарла­ма­сы бойынша ауданды қаржылан­ды­ру 496 млн. 510 мың теңгені құ­раған екен. Бұл ретте әр түрлі қо­ғам­дық жұмысқа 324 адам тар­тыл­ған. Аудан аумағын абаттан­дыруда айтарлықтай ша­руа­лар атқарылған. Бұдан кейін аудан әкімі өз сө­зінде құрылыс саласында атқарыл­ған жұ­мыс­тарға да тоқталып өтті. Мәселен, 2009 жылы Есіл ауданы бой­ынша бар­лығы 44 жаңа нысан бой көтеріпті. Олардың арасында “Олимп палас”, “Ақжайық”, №3 қала құрылысы ке­шені секілді бір­қатар тұрғын үй ке­шендері бар. “Елорданың 11 жылдық мерейтойы қарсаңында бірнеше біре­гей ны­сандар ашылды. Олар 30 мың орын­дық жабық стадион, рес­пуб­ликалық жедел-жәрдем медицина­лық ғы­лыми орталығы, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компания­сы­ның әкім­шілік ғимараты. Ал Тәуел­сіздік күніне орай 3500 орынға ар­налған “Қазақ­стан” әмбебап кино­концерт залы, “Азия парк” сауда және ойын-сауық ор­талығы, әйел­дер консуль­тациясы бар перзент­хана ашылды”, деді әкім өз сөзінде. Осылай дей келе Қайрат Мыр­за­ханұлы Есіл – Астананың ор­та­лық, элиталық және негізгі әкім­шілік ауданы болған­дық­тан, өздеріне қойылар талап та жоғары екендігін баса айтты. Қ.Жаңабергенов аудан тұр­ғындарына ономастикалық бағытта ат­қарылып жатқан жұмыстар жө­нін­де де баяндап берді. Мәселен, жас ауданның нөмірленген көше­лері бұған дейін атаусыз болып келгендіктен, 2009 жылы аудан бойынша 83 көшеге атау беріліпті. Ал осы жыл ішінде ауданға қарасты үйлердің жақтауларына 689 дана аншлаг орнатылған. Бұл өз кезе­гінде өрт сөндіру, жедел медици­на­лық көмек секілді қызмет түрлері­нің жұмысын жеңілдеткен. Өзінің есептік баяндамасында аудан әкімі әлеуметтік сала бой­ын­ша басы қайырылған іс-шаралар жө­нінде де ақпар беріп өтті. Мә­се­лен, ауданда Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебін қоса есеп­тегенде 5 жалпы білім беретін мек­теп орналасқан. Болашақта олар­дың қатарын ұлғайту басты назарда тұр. Бұған қоса Есіл ауда­нында көп­ балалы аналар, аз қам­тылған отбасылар, мүгедектер, зей­неткерлер сияқты халықтың әлеу­меттік топтарымен жұмыс істеуге баса назар аударылып келеді екен. Бұл күнгі кездесу кезінде әкім аудан алдында әлі де шешімін тап­па­ған мәселелер тұрғандығына да тоқтала кетті. Оның айтуынша, ауданда ба­ла­бақша мен мектептер, мемлекет­тік спорт кешендері мен емханалар жетіспейтін көрінеді. Осыған сәй­кес, 2010 жылы 4 жаңа балабақша құрылысы аяқталмақ. Бұған қоса, 1200 орындық 2 мектеп пайда­лануға берілетін көрінеді. Есіл ауданы әкімімен кездесу кезінде тұрғындар да көкейлерінде жүр­ген түйткілді мәселелерімен бө­лісуге мүмкіндік алып, өздерін тол­ғандырған сауалдарын да қойып жатты. Бір байқағанымыз, аудан халқын көбінесе әлеуметтік жағдай мазалайды екен. Мәселен, кездесу­де мүгедек балалардың тыныс-тір­ші­лігі, қаладан шеткерірек орналас­қан ескі үйлердің ешбір талапқа сай келмейтіні, мектепке дейінгі ме­ке­мелердің жетіспеушілігі, тұрғындар “7 бөшке” деп атап кеткен тұрғын үй кешенінің талап үдесінен шық­пауы, “Триумф Астаны” секілді тұрғын үй кешендеріндегі қызмет көрсету тарифтерінің тым жоғары екендігі және кейбір көп қабатты элиталық үйлерге жылудың дұрыс берілмеуі секілді мәселелер көлде­нең тартылды. Аудан әкімі өз кезе­гінде бұл мәселелерді өз бақы­лауын­да ұстайтындығын және олар­дың шешілуін үнемі қадағалап оты­ратындығын жеткізді. “Әрине, көптің көңілін табу оңай емес. Астана әлеуметтік-экономикалық жағынан жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Осыған байланысты мәселелер де күн сайын туындап жатады. Өткен жылы бірқатар өзекті мәселелер шешімін тапты. Биыл да көптеген жетістіктерге же­те­міз деген үміттеміз”, деді Қ.Жа­ңа­бергенов сөзінің қорытындысында. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. ЕРКІНДІКТЕРДІҢ СЕНІМІ БЕРІК Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылы мен шаһардың арасын ағынды Қаратал өзені бөліп тұр. Осы­ған қарамастан, “Шығыс” ауда­нымен қатарлас жатқан ауыл­дың өркендеуін қала экономи­ка­сы­ның қарышты дамуымен бай­ла­ныс­тырған жөн. Елбасының Жар­лы­ғы­на сәйкес барлық деңгейдегі әкім­дердің ел алдындағы есебіне бай­ланысты Еркін ауылдық округінің әкімі Нұрлан Сыдыбаев аймақтағы өткен жылғы атқарылған істер жө­нінде есеп берді. Төрт елді ме­кен­нің халқы қатысқан жиынды Талдық­орған қаласының әкімі Сә­кен Жыл­қайдаров басқарып, тұр­ғындардың сұрағы мен талабының ескерілуіне орай ашықтыққа көңіл бөлді. Бүгінгі күні аталған округке қа­расты елді мекендерді 14 мыңға жуық халық мекендейді. Қаржы дағ­дары­сына қарамастан, ел эко­номикасының қалыпты дамуына байланысты демо­графиялық өсуде ілгерілеушілік орын алған. Оның нақты дәлелі өткен жылы аталған аймақта 255 нәресте өмір есігін ашса, осы жақсылықтардың барлы­ғы­на да әкімдік тарапынан қолдау шаралары жүргізіліпті. Бүгінде халықтың өмірге деген белсенділігі артып, қоғам дамуына деген үлес-ынтасы еселене түскен. Ауыл әкімдігіне өткен жылы мың­нан астам адам жеке сұрақтары бой­ынша қабылданып, Елбасы Жол­дауын халыққа жеткізу, әлеу­меттік, ауылды көркейту, абаттан­ды­ру, тағы басқа жұмыстар бой­ын­ша ұйымдас­ты­рыл­ған жиындардың күн тәрті­бі­не қойыл­ған мәселелері оң шешілген. Талдықорған әсем Астанаға, Еркін ауылы Талдықорғанға қарап бой түзеп, шаһар іргесіндегі ауқым­ды ауылдың жаңарып-жасаруына назар аударылған. Бүгінде ауыл кеңейіп, жер телімін алып, үй сал­ған­дардың қатары едәуір. Олардың арасында атамекеніне оралғандар да бар. Көктемде көшелерді көрік­тендіру мақсатында әртүрлі 1200 түп ағаш кө­шет­тері отырғызылса, қыс бойы жи­нал­ған күл-қоқыс шығарылып, Құр­манғазы, Ақажан­ұлы көшелеріне асфальт төселген. Тұрғындардың өтіні­шімен бірнеше көше тегістеліп, қиыршық тас тө­гі­ліп, Кенжебаев, Қа­зақстан, Қа­ра­тал, Момышұлы, Гага­рин, тағы бас­қа көшелер ағымдағы жөндеу­ден өтіп, бұл жұмыстарға тұр­ғын­дар да атсалысқаны атап айтылды. Бүгінгі ауыл халқы тіршілік­терінің тірегі ретінде өз кәсіптерін ашып, жыл бойы тер төгіп келеді. Ауылдық ок­руг­те 178 шаруа қожа­лығы тіркелсе, өткен жылы 344 гек­тарға дәнді дақыл сеуіп, әр гек­тардан мол өнім жина­лып, ең­бек­­терінің жемісін көрген. Со­нымен қатар, халық төрт түлік өсіріп, өнім­ділігін арттыруда. Көбіне­се азық-түлік молшылығын өз қол­дары­мен жасаған еркіндіктер қала бюджетіне де қо­мақты қаржы ауда­рып, нақтылы іс­тері­мен танылған. Әрине, олардың осындай іргелі бас­тамалары арқылы елдің әлеу­меттік-экономикалық, мәде­ни дамуы да оң шешімін таба бастаған. Өткен жылы қолға алынған “Жол картасы” бағдарламасымен Көк­тал елді мекеніндегі орта мек­тептің асха­на­сы күрделі жөндеуден өткізіліп, қуат көзіне арналған транс­форма­торлар орнатылған. Бүгінгі жас ұр­пақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына да көңіл бөлініп, білім са­пасына деген оң көз­қарас қалып­тасқан. Нәтижесін­де Ащыбұлақ, Алмалы, №3 бөлімше саяжайларынан қатынайтын оқу­шы­ларды мектепке тегін тасымал­дау мәселесі шешілгенін айтуға болады. Талдықорған қаласы мен ауылдың аралығында тұрғындар­дың сұрауы бойынша үлкен ав­то­бус­тар бөлініп, жол қатынасы шешілген. Ауыл әкімі елді мекендердегі әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қам­тылған 50-ден астам отбасы атаулы көмек, 137 адам мемлекеттік жәр­демақы, 359 адам арнайы мем­лекеттік жәрдемақы алатынын ор­та­ға салып, олардың күнкөріс дең­гейін жақсарту мақсатындағы жұ­мыс­тардың шешімін тапқанын жеткізді. Ауыл – халқымыздың алтын қа­зы­ғы, салт-дәсүріміздің мәйегі ор­ныққан мекен. Демек, мұндағы жас­тардың еңбекке деген құлшы­нысын арттыру, тұрақтандыру мәселесі де әр­дайым қала әкімінің қамқорлы­ғы­мен жарасым тапқанын көруге бо­ла­ды. Елді мекендердегі мекемелерге жастарды жұмысқа тарту, орнықтыру мәселесі әрдай­ым назарда. Өткен жылы “Дип­ломмен – ауылға” баста­масымен орта мектепке 4 жас маман келіп, шә­кірттерді білім нәрімен сусын­датуда. Тұрғындардың бос уа­қы­тын көңілді өткізу, қоғамдық өмір­ге деген белсенділігін арттыру мәсе­лелері де зерделеніп келеді. Міне, осындай ауқымды істер ортаға салын­ған жиында тұрғындар ерек­ше бел­сенділік көрсетіп, әлі де ат­қарылатын баянды жұмыстарды атап айтты. Ауыл әкімінің есебінен кейін қала әкімі қойылған сұрақтарға жау­ап берді. Барыс жылы баяны кел­тірілетін ауқымды бағдарлама­лар­ды тәп­тіштей айтып, тұрғын үй, жер мә­селесіне байланысты ойын ортаға салды. Ауылдың тыныс-тіршілігін то­лық­тай қамтыған жиында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мақсатында қолға алын­ған жұмыстар да қамтылды. Осылайша еркіндік­тердің ерік-жігері ертеңгі күнге деген сенім­дерінің беріктігімен айқын­далды. Ауыл әкімінің жұмысына тұрғын­дар қанағаттанарлық баға берді. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.