Аймақтар • 31 Шілде, 2017

Сыр өңірінде жас мамандарға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу үшін 213 млн теңге бөлінді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, былтыр ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан 307 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн  теңге бөлінген, деп хабарлады ҚазАқпарат.  

Сыр өңірінде жас мамандарға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу үшін 213 млн теңге бөлінді

Ауылға барған жастардың денін  білім беру саласының мамандары құрайды. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласы да жас мамандармен толығып келеді. Биылғы жылы ауылдарға барып еңбек етуге бел буған 199 маманға төленетін біржолғы көтерме жәрдемақы үшін 235,8 млн  теңге бөлініп отыр.

Бұған қоса жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 537 маманға 1827,7 млн теңге қарастырылған.