Жекпе-жек • 31 Шілде, 2017

Мұхамедияр Құдайқұлов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Калифорния штатында «Jiu-Jitsu world League» джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.

Мұхамедияр Құдайқұлов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Байрақты бәсекеде ел намысын «Kazakhstan Top Team» клубының спортшысы Мұхамедияр Құдайқұлов қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпараттық және спорттық хаб мәліметінше, Мұхамедияр 72 келі салмақта, «сары белбеу» санатында 2002-2003 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында жарыс жолына шықты.

Естеріңізге сала кетсек, Мұхамедияр 15 шілдеде Алматыда өткен Arlan Grip Selection Kids турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын. Қазіргі таңда, Қазақстанда джиу-джитсу қарқынды дамып келеді.

Сонымен қатар, ересектер мен балалар, тіпті арулардың да бұл спорт түріне қызығушылығын атап өтуге болады. Қазақстанда өтетін жарыстарға бақ сынайтын қатысушылардың саны да жыл санап артып келеді.